Тәрбие әдістемесін / тәрбиелеу стилін таңдаңыз? (кітап бойынша)
Монтессори жүйесі бойынша тәрбие беру әдісін ұстанамын. Бұл балаға таңдау еркіндігін беруден және дұрыс қызығушылықты дамытудан тұрады. Өте заманауи.
Мен баламен табиғатта көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Өйткені табиғатта көк шөп бар, таза ауа. «Экологиялық таза ана» («Экологичное материнство») кітабы мені қауіпсіз тәрбие идеясымен баурап алды.
Маникюр кезінде мен Петрановскаяның «Егер баламен қиын болса» («Если с ребенком трудно») деген аудиокітабын тыңдаймын. Онда тіпті, суперкейіпкерлердің де қысқа демалу минуттары болуы керек делінген, бұл менің жаныма жақын.
Кітаптар мен әдістер ме? Не үшін? Баланың дамуы және оның айналасындағы әлем туралы білімі ана арқылы іске асуы керек. Өйткені ана балаға жарық әлем сыйлайды, оған барлық құнды білімді де ана береді.
Мен интуитивті тәрбиені қолдаймын: бала өзіне ненің және қалай дұрыс екенін сезеді. Менің рөлім – тек бағыттау. Ол аздап өскен соң оған кітап оқып беремін. Содан кейін оны бірге талқылаймыз.