Ағзаны қалпына келтіру
Жүктіліктен кейінгі қалпына келу
Бала туғаннан кейін әйелдің ағзасында көптеген процестер жүріп жатады. Оның денесі тоғыз ай баал көтергеннен кейін бейімделіп, қалпына келе бастайды. Босанғаннан кейінгі қан ағу көп жағдайда қатты уайымдаудың себебіне айналатын үрей факторларының бірі болып табылады.
Жүктіліктен кейінгі қан ағу: бұл қалыпты ма?
Бұл ақ кір сияқты табиғи құбылыс. Бұл сіздің баланы табиғи жолмен болсын не кесарь тілігімен болсын, қалай туғаныңызға қарамастан орын алатын құбылыс. Ағзаңыз артық шырыштан, бала жолдасының тінінен және босанғаннан кейінгі қаннан, міне, осылайша құтылады.
Ақ кір әдетте босанған соң бірнеше сағаттан кейін басталып, екі-үш аптаға созылады. Бірақ кейбір әйелдерде алты аптаға дейін созылуы мүмкін. Егер сізде келесі белгілердің кез келгені пайда болса, дәрігеріңізге қаралыңыз.
Әдеттен тыс қатты қан ағу, сағатына бір төсемнен артық пайдалану.
Ашық түсті алқызыл қан бала туғаннан кейін төрт күндей немеса одан астам уақыт болады. Сіз демалып жатқанда да қан тоқтамайды.
Ұйыған ірі қанның пайда болуы.
Басыңыз айналғанын сезесіз.
Жүрегіңіздің қағысы жиілейді немесе біркелкі емес.
Бұл белгілер босанғаннан кейінгі қан құйылу белгілері болуы мүмкін. Әдетте ол босанғаннан кейін жатырдағы қанның ұйымайтындығынан болуы мүмкін. Егер қан ағуға қатысты қандай да бір уайымыңыз бар болса, кеңес сұрауға ұялмаңыз.
Диагностикадан өткен қан ағуды, әдетте, ауруханада антибиотиктердің көмегімен немесе жатырда қалып қойған тінді алып тастау бойынша шағын емшара жасау арқылы емдейді. Бұл аз жағдайда орын алады, бірақ уайымсыз жүргеніңіз үшін тексерілген дұрыс.
Ақ кірден ойдағыдай өту үшін әйелдердің қолданатын шараларының бірі бала туғанға дейін төсемдерді дайындап қоюдан тұрады. Екі немесе үш қаптамасы жетеді. Бала туғаннан кейін ең кемінде алты апта тампондарды қолданбағаныңыз жөн. Тампондар қынап пен жатырға бактериялардың түсуіне алып келіп, жұқпаны тудыруы мүмкін.
Нәрестелерге күтім жасау бойынша кеңестер
Нәзік сипалау, «шшш» дыбысы, бесікті тербету, музыка қосу немесе бесік жырын айту жылап жатқан баланы жұбатуға көмектеседі.
Ұйықтар алдындағы жылы ванна мен ішін уқалау оны тыныштандырады.
Жөргек, сүлгі, сулықтар мен ауыстырып кигізетін киім әрдайым жаныңызда болсын. Нәрестелердің көбі киім ауыстырғанды ұнатпайды. Егер процесті жылдамдатсаңыз, барлығыңыз үшін жақсы болады.