Өкпенің қалыптасуы және мәре сызығына дейінгі соңғы сантиметрлер Өкпенің қалыптасуы және мәре сызығына дейінгі соңғы сантиметрлер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Өкпенің қалыптасуы және мәре сызығына дейінгі соңғы сантиметрлер

3-ші триместр, 37-ші апта – ұрық толығымен қалыптасқан уақыт. Болашақ баланың бойы шамамен 47-49 см, ал салмағы 2600 грамға тең. Бет-әлпеті қалыптасады, шеміршек тіндері орнында. Сондай-ақ, май тінінің белсенді жиналуы басталады, бұлшықеттер мен қаңқа белсенді дамиды, мұның бәрі балаға күн сайын салмақ қосылып отыратынына әкеледі.

Ең бастысы, 37-ші аптада өкпе толығымен қалыптасады екен. Болашақта, 38-ші аптада бала тыныс алу қозғалысын үйренетін болады. Дамыған өкпе дегеніміз мерзімінен бұрын босанған жағдайда балаңыз дәрігерлердің көмегінсіз дем ала алатынын білдіреді.

37-ші аптада ана не істеуі керек?

Ең алдымен, жамбас шеңберін өлшеу және салмақты өлшеу, жалпы зәр талдауын жасау және қан қысымын өлшеу үшін дәрігерге барыңыз. Сонымен қатар, жатыр мойнының жағдайын тексеру қажет – осы нәтижелердің бәрі босану процесінің шамамен басталатын уақытын анықтауға көмектеседі.

Эмоционалды жағдайға келетін болсақ, босанғанға дейін толқу алаңдаушылық немесе ашуланшақтықты тудыруы мүмкін, не болмаса керісінше, көңіл-күйіңізді көкке көтеруі мүмкін.

Перзентханаға қажет нәрселер салынған сөмке әрқашан көзіңізге көрінетін жерде тұруы керек екенін ұмытпаңыз.

Әр әйелдің өмірінде көптен күткен кездесу аз уақытта іске асады;

EmptyView