Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 10-аптасы

Әйелдің қал-жағдайы

Жүктіліктің осы мерзімінде жатыр көлемі бойынша айтарлықтай ұлғаяды да, кіші жамбасқа сыймайды. Сондықтан жатырдың түбі көтеріле бастайды, ал әйелдің өзі жамбас жағының ауырлағанын сезе бастайды. Кейде бұл шаптың тарту сезімімен берілуі мүмкін. Оған абыржымаңыз: бұл бұлшықет тіні мен жатырдың біртіндеп созылуымен байланысты қалыпты сезім. 
Жүкті әйелдің іші әлі де жұмырлана қоймаған, бірақ әйел екі килограмға дейін салмақ қосуы мүмкін. Әзірге киімді ауыстырмаса да болады, бірақ өзіңізге жүкті әйелдерге арналған арнайы киімді қарастыратын кез келді, өйткені әдеттегі киімдер жақында жайсыз болып, кішірейіп қалады. 
Токсикоздан салмақ жоғалтқан жүкті әйелдер 10-аптада өздерінің әдеттегі салмағына және дене пішіміне оралады. Әйелдер әлі де болса шаршағыш келеді. Олардың әрдайым отырғысы немесе жатқысы келіп тұрады. Алайда, осы мерзімде күн тәртібін ауыстыруға үйрене бастау қажет. Өз кестесіне таза ауада күнделікті жаяу серуендеуді міндетті түрде қосу қажет. Әрине, қатты күш салудың қажеті жоқ, бірақ қозғалу белсенділігі сәбиге де, болашақ анаға да пайдалы екенін түсінген маңызды. 
Жүктіліктің 10-аптасында тағы бір жақсы жаңалық күтіп тұр: біртіндеп токсикоз басыла бастайды. Көптеген жағдайда симптомдар бірден басыла кетеді де, 12-аптаға қарай толық жоқ болады. Алайда, көпұрықты жүктілікте токсикоз әлдеқайда ұзағырақ сақталады.

Құрсақтағы баланың жағдайы

Жүктіліктің 10-аптасы эмбрион дамуының сегізінші аптасына сәйкес келеді. Ол жатыр ішінде белсенді дамуын жалғастырады. 11-аптада-ақ оны ұрық деп атайды да, ол дамудың жаңа, нәрестелік кезеңіне қадам басады. 
Оныншы аптада эмбрионның қан тобы мен резус-факторы соңына дейін қалыптасады және қажет болғанда оны арнайы талдамалар жасап анықтауға болады. Алайда, дәрігерлер бұл емшараны қажет болмаса жасамауға кеңес береді: мысалы, түсік тастау қаупі немесе ұрықтың дамуының маңызды ауытқулары болмаса. 
Құрсақтағы баланың басы әлі де болса айтарлықтай үлкен, бірақ анық жұмыр пішіні бар. Көздері қабақпен толық жабылған. Ми белсенді дамиды. Бірінші кезекте бұл бөлектене бастайтын ми қабығына қатысты. Мидың сыңары мидың ортаңғы және сопақша бөлімінен біртіндеп бөлінеді. Эмбрионның жүйке жүйесі 10-аптаға қарай орталық және перифериялық бөлімге толық бөлінеді. 
Құрсақтағы бала айтарлықтай белсенді қозғалады, басын бұрады, қол-аяғын бүгіп, жазады, саусағын сора бастайды және қағанақ суын жұтады. Ұрықтың бүйрегі несеп бөле бастайды, ол біртіндеп жетілген қуыққа жиналып, кейін сыртқа шығарылады. 
10-аптада плацента толық қалыптасады және ұрықтың қанмен қамтамасыз етілуі жаңа деңгейге өтеді. Плацента гормондарды аса көп көлемде шығара бастайды, сондықтан сары денеге қажеттілік біртіндеп азаяды да, ол жойылады. Осы кезеңде плацентаның қалыңдығы 1,34 сантиметрді құрайды.

Ұсынылатын зерттеулер

Көп жағдайда жүктіліктің 10-аптасында УДЗ жасалмайды. Жоспарлы зерттеуді дәрігер тағайындайды. Әдетте, УДЗ кабинетіне кезекті бару 10-14 апта аралығында тағайындалады. Бұл зерттеу аса маңызды, өйткені зерттеу арқылы дәрігер құрсақтағы баланың даму ақаулығы немесе маңызды ауруларға бейімділігі бар-жоғын анықтап бере алады. 
10-аптада УДЗ жасағандар экраннан болашақ баласын нақты көрді. Ол әлі де өте кішкентай болғанымен, оның аяқ-қолы анық көрінеді, ал емшара кезінде сәби ояу болса, болашақ ана оның қолын бұлғағанын немесе аяғын қозғалтқанын көре алады. 
Көбіне босануға дейін әлі біраз уақыт бар болып көрінгенімен, 10-аптада құрсақтағы балаңыз қайда туатыны жайын ойлап қамдану қажет. Егер келісім бойынша босанғыңыз келсе, сізді босандыратын дәрігерге барып, онымен шарт жасасу қажет. 
Жүктілікті жүргізетін гинеколог дәрігер жүктіліктің 10-аптасында болашақ анаға жан-жақты сұрақ қояды. Жақын туыстарыңыздың (ата-анаңыздың, күйеуіңіз бен ата-енеңіздің) аурулары жайында айтып беруіңіз қажет. Бұл жүктілікті жүргізу стратегиясын қалыптастыруға көмектеседі, ал генетикалық аурулар болса, қосымша талдамалар жасау және мамандардан кеңес алу тағайындалады. 
Алкоголь мәселесіне ерекше тоқталу қажет. Жүкті әйел бүкіл жүктілік ішінде бірнеше рет жақсы сапалы шараптың бір бокалын ішкеніне дәрігерлердің көбі аса қарсылық білдірмесе де, құрамында спирті бар кез келген сусыннан бас тартқан дұрыс. Әрине, сәби уытты заттардан және алкогольден тұратын басқа зиянды заттардан сенімді түрде плацентамен қорғалған. Бірақ жетекші британдық ғалымдар және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пікірінше, плацентаны беріктілікке сынамай, кез келген спирттік сусындардан, тіпті жақсы және күші аз шараптың өзінен де тартыну керек. Оларды жаңа жасалған жеміс шырындарына немесе жидектер негізіндегі компотттарға, жемістер мен сүт өнімдеріне алмастырған дұрыс болады.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView