Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 11-аптасы

Дәл осы мерзімде эмбрионды ұрық деп атай бастайды және ол дамудың мүлдем жаңа кезеңіне өтіп, белсенді дами бастайды. Плацентаның қалыптасуы аяқталады да, көлемі қарқынды түрде ұлғаяды. Осы мүшенің қантамырлар саны артады, олар құрсақтағы баланың барлық қажеттіліктерін, пайдалы заттармен және оттекпен қамтамасыз етеді. 12-аптаның соңына қарай плацента аяғына дейін қалыптасады да, сәбиді қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен сенімді түрде қорғай бастайды.

Болашақ ананың жағдайы

Осы кезеңде жүктіліктің үштен бір бөлігі артта қалды деп санауға болады. 11-аптаның аса жағымды жаңалығы токсикоздың толық кетуі болып табылады. Әйелдер ашушаңдығын және қызбалануын қояды, өйткені гормондық өзгеріс аяқталды десе болады. Одан басқа, 11-аптада түсік тастау қаупі толық жойылады. Алайда, бұл ықтималдылықты дәрігер ғана тексеру өткізгеннен кейін жоққа шығара алады. 
Кейбір әйелдерде 11-аптада-ақ омырауынан уыз шыға бастайды. Бұл ерекше сұйықтық, әйел өміріндегі алғашқы емшек сүті, сәби онымен өмірінің алғашқы күндерінде қоректенеді. 
Алайда, осы мерзімде көптеген жүкті әйел іш қатумен қиналады. Бұған қатысты әйелдің өзінде еш кінә жоқ. Тіптен ол дұрыс тамақтанып, барлық диеталық ұсынымдарды сақтаса да, ішек жұмысының бұзылуынан құтыла алмайды. Іш қату жағдайы ішек перистальтикасы бүкіз ағзаның гормондық өзгеруінен айтарлықтай әлсіреу себебінен пайда болады. Қорытылған тамақ ішекпен баяу қозғалады, ал нәжістік масса аса тығыз болады. Одан басқа, іш қату жатырдың белсенді өсуі нәтижесінде де пайда болуы мүмкін. Бұл мүше құрсақ қуысындағы бүкіл орынды алып, ішекті басып қалады. 
Іш қатудан басқа, кейбір әйелдерде қызыл иектің қанауы және ісінуі байқалады, сондай-ақ ауыздың уылуы пайда болады.
Физикалық және эмоциялық өзгерістер
Әйелдің эмоциялық жағдайы күннен күнге жақсарады. Гормондық қайта құру аяқталады, сондықтан жүкті әйелдердің ашушаңдығы мен қызбалануы азаяды және айналада болып жатқанға адекватты жауап қайтарады. Алайда, кейбіреулерінде эмоциялық жағдайы біршама бұзылып тұрады: тым жылаңқы немесе мұңайғыш болып кетеді.
Физикалық тұрғыда жүкті әйелдің ағзасында қан айналымының көлемі ұлғаяды, сондықтан әйелдің кейде ыстығы көтерілуі мүмкін. 11-аптада жатыр көлемі бойынша айтарлықтай ұлғаяды, сондықтан болашақ ананың дене пішіні біртіндеп өзгере бастайды. Дәл осы 11-апта – киімді ауыстыратын ең қолайлы уақыт. Шалбарларға, белдемшелер мен колготкаларға айрықша көңіл бөлу қажет. Өзіңізге жүкті әйелдерге арналған белінде резеңкесі бар арнайы киімді сатып алыңыз, ол өсіп келе жатқан ішті қыспай, ұстап тұратын болады. Сыртқы киім де кең тігілген болуы тиіс. 
Кейбір әйелдерде іші, омырауы және саны созыла бастауы мүмкін. Бұл терінің созылуынан болады. Кейін созылудан оңай құтылу үшін созылудың пайда болуының алдын алатын немесе оны онша байқалмайтындай ететін арнайы кремдер мен жақпа майларды сатып алуға кеңес беріледі.

Сәбидің дамуы

11-аптада ұрық ерекше белсенділікпен өсіп, дами бастайды. Егер бұрындары ол үнемі бүгілген күйде болып, С әрпіне ұсқаған болса, енді ұрық біртіндеп түзулене бастайды. 11-аптаның соңына қарай құрсақтағы баланың бойы шамамен алты сантиметрді құрайды. 
Баланың басы әдеттегідей айтарлықтай үлкен болып қалады, бірақ кеудеге аса тығыз қысылмаған. Құйрығы толықтай түсіп қалады. Баланың аяқ-қолының дамуы біртіндеп теңдеседі. Егер бұрындары қолдары аса дамыған болса, енді аяқтары да дамуында оларды қуып жетеді. 
Бала бұлшықет массасын өсіруді жалғастырады. Қозғалысы барған сайын айқын бола бастайды, бірақ анасы әдеттегідей қозғалғанын сезбейді. Құрсақтағы бала бетін алғашқы рет тыржита бастайды, ол ернін түштитіп, саналы түрде сору қимылдарын үйреніп алған.
Ұрықтың беті барған сайын адам келбетіне ұқсап келеді. Көзінде түсті қабықша пайда бола бастайды, ал көздің өзі қабақпен тығыз жабылған. Құлақ әлі де өте төмен, бірақ келесі аптада-ақ, олар физиологиялық тұрғыдан дұрыс күйге келеді. 
Ұрық қағанақ суын белсендірек жұтады. Оның ішек жолдары жұмыс істей бастайды, перистальтикасының алғашқы белгілері пайда болады. Бауыр қалыптасқан және өт пен қан ақуызын шығара бастады. Бүйрек те аса белсенді жұмыс істейді және шамамен тәулігіне он рет қағанақ суының құрамын толтыратын несеп шығарады. 
Қағанақ суына түсетін несеп балаға мүлдем зиянсыз, өйткені ұрықтың өмір сүруі кезінде пайда болатын барлық уытты заттар ананың ағзасы арқылы шығарылады. Ұрық қағанақ суын жұтып қана қоймай, сонымен қатар кейде онымен тыныс алатынын атап айту қажет. Бұл қалыпты жағдай, өйткені тыныс алу жолдарына судың түсуі тыныс алу мүшелерінің қалыпты дамуына септігін тигізеді. 
11-аптада сәбидің лимфа жүйесі қалыптасады және қанында алғашқы лейкоциттер пайда болады, олар жас ағзаны бөгде ақуыздардан қорғай бастайды. 
Ұрықта гормондық қайта құру басталады. Егер бала ұл болса, онда тестостерон белсенді шығарылады, ал анасының қандағы АХГ деңгейі өз шыңына жетеді. Гормондық қайта құру гипоталамустың және гипофиздың қалыптасуына алып келеді, олар кейін адам ағзасында гормондық теңгерімді сақтауға жауапты болады. 
Болашақ ана агрессивті факторлардың әсерін толық тоқтатуы тиіс, өйткені олар гормондық жүйенің қалыптасуына кері әсер етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде жыныс мүшелері ақауының дамуына немесе олардың негізгі қызметін бұзуға алып келуі мүмкін.

УДЗ жасау және босануға дайындалу

Әдетте осындай мерзімде ультардыбыстық зерттеу әлі жасалмайды. Дәрігерлер ұрықтың қалыптасуында немесе плацентаның дамуында ауытқулар бар деп күмәнданатын жағдайларды ерекше жағдай деуге болады. Сонымен қатар, УДЗ әйел ішінің төменгі жағы үнемі сыздап ауыратын жағдайда да тағайындалуы мүмкін. Түсік тастау ықтималдығы жоқ екенін тексеру үшін дәрігерлер жатырды, плацентаны және ұрықты тексеріп, жатырдың жоғары тонусын төмендететін препараттарды тағайындайды. 
Дәрігерлер УДЗ ұрыққа мүлдем қауіпсіз зерттеу болып табылатынын, ал даму ақауын немесе жүктілік ішіндегі қиындықтарды толық жоққа шығару үшін өткізу қажет екенін айтады. УДЗ-ның арқасында дәрігер жатыр мен ұрықтың өлшемін және жағдайын бағалай алады, ұрық пен плацентаның бекітілген орнын, сондай-ақ қағанақ суының көлемі мен сапасын анықтайды. 
Әйел босануға дайындық курсына қатыса берсе болады. Әйтсе де, оларға көп жағдайда кейінірек баруға кеңес бергенімен, өз денеңіздің физиологиялық өзгерістерін толық білу, арнайы мәзір құру және босану барысы мен емізуді толықтай білу үшін бірнеше сабаққа қатысып  көрсеңіз болады.

 

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView