Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 13-аптасы

Әйелдің ағзасында не болып жатыр

Болашақ ана жүктіліктің екінші триместріне өтетіндіктен, оның денесінде айтарлықтай өзгерістер басталады. Солардың біріншісі – кіндіктен шатқа дейін іштің бойымен созылатын ерекше қоңыр түсті сызықтың пайда болуы. Бұл сызық, нәтижесінде ағзада меланин белсенді шығарыла бастайтын, гормондық өзгерістердің белсенділігінен пайда болады. Жүктіліктен кейін бұл сызық жоқ болып кетеді. 
Әйел өзі ішін абайлап ұстап көріп, жатырдың түбі кіндіктен бірнеше сантиметр төмен тұрғанын анықтай алады. 13-аптада плацента толық қалыптасуын аяқтайды. Бұл мүшенің қалыңдығы 16 мм-ге жетеді және ол жүктілікті сақтап қалуға және баланы қорғауға толық жауапты болады. Плацента прогестерон мен эстрогендерді белсенді шығарады. 
Плацента өте маңызды рөл атқарады. Ол баланы ақуыздармен, майлармен, көмірсулармен және дәрумендермен қоректендіріп қана қоймай, агрессивті сыртқы әсерлер мен ұрық арасындағы сенімді тосқауыл қызметін атқарады. Дәл осы себеппен жүкті әйелге өз денсаулығына немқұрайлы қарамай, инфекциялық немесе кез келген басқа ауруға ұшырамауға тырысу қажет, өйткені жүктілік емдеуді айтарлықтай қиындатады және әдеттегі препараттардың көбін қабылдауға мүмкіндік бермейді. 
Плацента, сонымен қатар, резус-шиеленістің туындауына жол бермей, ұрықты әйелдің өзінің иммундық жүйесінен қорғайды. Ол анасының резус-факторы – теріс, ал әкесі мен баласыныкі оң болса, пайда болады. Бұл жағдайда ананың ағзасы ұрықты бөгде дене ретінде танып, оны қабылдамауы мүмкін. Бұл процесс екінші жүктілік кезінде белсендірек дамиды. 
Қан айналу қарқындылығы да өседі, сондықтан әйелде қысым ұдайы төмендеуі мүмкін. Көп жағдайда бұл ана мен құрсақтағы баланың жағдайына ешқандай әсер етпейді. Бірақ қысымның төмендеуін әйел ауыр көтеретін болса, оның жағдайын тұрақтандыру үшін арнайы препараттарды қабылдау қажет болуы мүмкін. Қысымның қатты төмендеуі ананың денесінде, соның ішінде жатырда қантамырлар жүйесінің жиырылуымен ілесуі мүмкін, бұл ұрықтың оттекті қажетті көлемде ала алмауына алып келеді. 
Әйелдің эмоциялық көңіл-күйі толықтай тұрақталады, ол күш-жігерінің артқанын, энергияның көптеп келгенін сезеді. Бұған көбінесе токсикоз симптомдарының толық жоғалуы септігін тигізеді.

Ұрық дамуының ерекшеліктері

Он үшінші апта ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыруда аса маңызды мәнге ие. Плацента ұрықты қорғап қана қоймай, прогестерон мен эстроген гормондарын шығаруды жалғастырады. Бұл мүше сәбиді түрлі қоректік заттармен қоректендіреді, сондай-ақ қоршаған ортаның теріс факторларының әсерінен қорғайды. 
Баланың миы қарқынды дамып келеді. Сәбидің өзіне қажетті рефлекстері көбірек пайда бола бастайды. Егер осы мерзімде УДЗ жасалатын болса, экранда бала жұдырық түйіп тұрғанын, ернін созып, бетін тыржитатынын, саусағын соратынын, қатты дыбыстардан немесе анасының қозғалысынан селк ететінін нақты көруге болады.
Бала көп уақытын ұйықтаумен өткізеді, бірақ қозғалып, белсенді әрекет ететін уақыттары да болады, ұрықтың қозғалғанын анасы онша сезе бермейді, оны тек арнайы аспаптардың көмегімен ғана көруге болады.
Ұрықта тірек-қимыл аппараты белсенді дами бастайды. Құрсақтағы баланың сүйегінде кальций жинақтала бастайды, оған дамыған қалқанша безі септігін тигізеді. Алайда, болашақ ана өз рационына қатты назар аударып, құрамында кальцийі бар азық-түлікті көбірек пайдалануы қажет. Сонымен қатар, дәрігердің тағайындауымен полидәрумен кешенін қабылдай бастау қажет. 
Аяқ-қол сүйектері ұзарады, қабырғасы пайда бола бастайды, ал бас сүйек пен омыртқа сүйегі қатая бастайды. Құрсақтағы сәбидің басы енді көкірек қуысына қарай иіліп тұрған жоқ, ал бетінде кеңсірікті, иек пен қабақ үсті сүйектерін нақты көруге болады. Осы мерзімде құлағы өзінің қалыпты күйіне келеді, ал көздері әлі ашылмаса да, біртіндеп жақындай түседі. 
Ұрықтың терісі әлі де өте жұқа әрі нәзік. Онда тамырлар торы айқын көрінеді. Осы мерзімде сәбидің тері шелі әлі жоқ десе де болады, сондықтан терінің үсті қызыл және бүрісіп тұрады. 
13-апталық сәбидің тыныс алу жүйесі едәуір жақсы қалыптасқан, сондықтан ол тыныс алуға ұқсайтын қозғалыстарды жасай бастайды. Бұл бұлшықет пен көкетке тек жаттығу ғана, өйткені дауыс саңылауы әлі де болса жабық. Алайда, сұйықтықтың шамалы көлемі өкпеге сонда да түседі. Бұл әсіресе, баланың оттекті жеткілікті көлемде алмаған кезінде жиі болады. 
Анасы инфекциялық аурумен ауырған болса, микробтар қағанақ суына түсіп, жатырішілік инфекцияны тудыруы мүмкін, сондықтан жүкті әйел иммунитетін нығайтып, өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.

УДЗ жасау

Бірінші жоспарлы зерттеу 10-14 апта аралығында жасалады. Көбі УДЗ кабинетіне дәл осы 13-аптада барады. Осы мерзімде құрсақтағы баланың келбеті айқын көрінеді, дәрігер оның өлшемдерін дәл сипаттап, ұрықтың қозғалу белсенділігін қадағалап, плацентаның жатыр астында орналаспағанын тексереді. 
Осы мерзімде УДЗ жасау аса маңызды, өйткені осы кезеңде ғана ұрық дамуының кейбір ақауларын және туа біткен патологиялардың жоқ екенін тексеруге болады. Алайда, УДЗ нәтижелерін үкім деп қабылдамау қажет. Бұны диагнозды растай алатын немесе жоққа шығаратын кейінгі зерттеулер үшін тек ұсыныс ретінде қарастырған жөн.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView