Болашақ ананың жағдайы
Алдағы үшінші триместрде әйел қанының құрамында холестерин деңгейі артуы мүмкін. Алайда, бұның қорқатындай ештеңесі жоқ, өйткені, холестериннің плацентаның дамуы үшін маңызы зор. Ол жүктілікті әрі қарай сақтап қалу мен кейін сәбиді емізуге қажет болатын маңызды гормондарды шығару үшін жауапты.
Жүкті әйел белсенді түрде салмақ қоса бастайды. Бұл қалыпты жайт, өйткені әйелдің денесінде қан көлемі мен қағанақ суының көлемі біртіндеп артады, салмақ қосатыны да содан. Алайда, салмақ қосу әйелдің денсаулығына әсер етеді. Әдетте бүкіл жүктілік барысында жүкті әйелдер 13 килограмға дейін салмақ қосады. Бұл сәбиді емізуге дайындалатын сүт бездерінің ұлғаюынан да болады. Салыстыру үшін: жүкті әйелдің бір омырауының салмағы шамамен 800 грамды құрайды, әдеттегі уақытта бұл көрсеткіш 200 грамнан асатыны сирек.
Іштің сырт жағынан сәбидің қимылдағанын бақылауға болады. Кейде іштің сыртынан томпайған жерлер анық көрінеді: сәби қолын, аяғын немесе басын тосады. Сәби жатыр қабырғасына денесінің әр бөлігімен тіреліп алып, анасының көңіл бөлуін талап етеді.
Өсіп келе жатқан жатыр кейбір жайсыздық тудырады: жүкті әйелге ұзақ уақыт отыру немесе жату қиын болады, ал өкпеге түсетін қысым тыныс алудың қиындауына алып келеді. Жатыр әрі қарай да өсе түсетініне дайын болу қажет, сондықтан тыныс алуға қатысты проблемалар ешқайда кетпейді. Шамамен босануға дейін үш апта қалғанда, сәби шамалы төмен түскенде сәл жеңілдеп қалатын боласыз. Осы мерзімде асықпай жаяу серуендеу арқылы тыныс алудың қиындағанын жеңілдетуге болады.
Сәби қалай дамып жатыр?
25-аптаның соңына қарай баланың салмағы 700 грамға жетеді, ал бойы шамамен 32 сантиметрді құрайды.
Сәбидің сыртқы келбеті әрі қарай өзгере береді. Терісінде біртіндеп шелмай жиналып, тегістеліп, ағара бастайды. Шелмайдың көлемінен сәбидің беті томпақтанып, қол-аяғында және құйрығында қатпарлар пайда болады. Сәбидің ата-анасынан генетикалық түрде берілген анық бет-әлпеті қалыптасады.
Сәбидің құлақ жарғағына ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені олардың даму деңгейі бойынша баланың мерзіміне жетіп туу дәрежесін және анасының тәнінен тыс өмір сүруге дайын екенін бағалайды. Әдетте осы мерзімде құлақ жарғағы әлі де болса жұмсақ, өйткені шеміршек аяғына дейін қалыптаспаған, ал жарғақ шиыршығы мен бүгілісі әлі толық түзілмеген.
Жиырма бесінші апта сүйек кемігінің қалыптасып аяқталуымен сипатталады. Енді ол қанның бөлінуіне жауапты, оны бұған дейін сәбидің бауыры мен көкбауыры жасаған болатын. Бұдан бөлек, баланың сүйегі кальцийді жинақтауды жалғастырады. Сүйектерде бейорганикалық (сүйектердің тығыздығы және қаттылығы) және органикалық (шымырлықпен созылымдылық үшін жауап беретін) қосылыстардың жиналуы жалғасады.
Баланың өкпесі сәби өмірінің алғашқы сәтінде толыққанды тыныс алғанда өкпенің жабысып қалуына жол бермейтін ерекше заттекті, сурфактантты жинауды жалғастырады. Алайда, бұл заттектің мөлшері әлі де болса жеткіліксіз, егер сәби осы мерзімде туылса, онда оның өздігінен тыныс алуы екіталай. Әдетте осы мерзімде нәрестелерді арнайы камераға орналастырып, өкпені жасанды желдетумен қамтамасыз етеді.
Ұрықтың жүрек қағысы дәрігердің кәдімгі стетоскопы арқылы анық естіледі және минутына шамамен 150 рет соғады. Плацента ұлғаяюын жалғастырады, егер бұрын ол айтарлықтай төмен орналасқан болса, енді ол жатыр түбіне жақын көтеріледі.
Шын мәнінде, жүктіліктің 25-аптасындағы бала толық қалыптасқан, қазір оның негізгі міндеті – өсіп, дамуын жалғастырып, анасының ішінен тыс толыққанды өмір сүруге дайындалу. Әйел бар күшімен сәбидің дамуына септігін тигізуі керек: пайдалы әрі сіңімді өнімдерді ғана жеп, таза ауада көбірек серуендеп және жиі демалуы тиіс.
Ауырсыну сезімдері
Жүктіліктің осы мерзіміне тән ауырсыну – аяқтың ауруы мен ауырлық сезімі. Бұл таңқаларлық жайт емес, өйткені әйел денесінің салмағының артуы аяққа үлкен күш түсіреді. Бұл жайсыздық сезімі жүктілікке дейін веналардың варикоздық кеңеюімен ауырған әйелдерде қатты байқалады.
Ісіну мен ауырсыну сезімдерін басу үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- Мүмкіндігінше аз жүріп, аз түрегеп тұру
- Дәрігер ұсынатын арнайы компрессиялық шұлықты кие бастау керек
- Аяқты айқастыра отырмау
Кешкісін аяққа арналған босаңсытатын ванна жасау және табанды уқалау 25-аптада қабырға асты да қатты жиі ауыра бастайды. Бұған көнуден басқа амал жоқ, өйткені сәби күннен күнге үлкейіп, жатыр таршылық ете бастайды, сондықтан ол жатыр қабырғасын қолдарымен немесе аяқтарымен итеріп, кейде анасына жайсыздық тудыруға мәжбүр.
Ауырсыну сезімдерін дененің қалпын ауыстыру арқылы жеңілдетуге болады. Балаңызға онша ыңғайсыз шығар, сондықтан сізден осылайша отыруды немесе басқаша жатуды сұрайтын шығар.
Анаға дереу дәрігерге қаралуы тиіс екенін білдіретін қауіпті симптомдарға беттің ісінуі, көздің қараюы және іштің қатты ауыруымен ілескен бастың қатты ауыруы жатады. Осы белгілердің барлығы кеш мерзімдегі токсикоздың басталғанын білдіреді. Көп жағдайда ол бұдан кешірек пайда болғанымен, алғашқы белгілер жүктіліктің 25-аптасында-ақ басталуы мүмкін.
УДЗ жасау
25-аптада жоспарлы ультрадыбыстық зерттеу жасалмайды, алайда, егер оны жасауға көрсетімдер бар болса, онда УДЗ-ны осы мерзімде де жасауға болады. Алдыңғы мерзімдердегідей, зерттеу мақсаты ұрықтың жағдайын, ішкі мүшелерінің даму дәрежесін бағалаудан, жатырдың, плацентаның және қағанақ суының күйін бағалаудан тұрады.
Дәрігерлер сәбидің әрбір мүшесін мұқият тексеріп, өлшемдерін жасап, жүрек қағысын өлшейді. Сондай-ақ баланың дене мүшелерін жеке-жеке өлшейді, сол бойынша даму дәрежесі мен нормасын анықтауға болады.
УДЗ барысында жатыр міндетті түрде тексеріледі. Дәрігер мүшенің өлшемін, жалпы жағдайын бағалайды, сондай-ақ плацентаның өлшемдері мен орналасуын және қағанақ суын тексереді.
Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.