Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 28-аптасы

Ананың қал-жағдайы

Әйел күннен күнге баяу қозғалып, икемсіз бола бастайды, өйткені ол үнемі салмақ қосып келеді. Болашақ анаға барынша көп демалған жақсы, ал үйдің ауыр шаруасын жақындарының біреуіне жүктеу қажет. Бірақ әйел демалғаннан кейін де шаршағандай күйде болса, дәрігерден кеңес алу қажет, өйткені бұл аса алаңдайтын симптом болуы мүмкін. 
Әйел ағзасының ауырлық ортасы ауытқуын жалғастыруда, сондықтан мүсінді мұқият қадағалап жүру қажет. Әсіресе төсектен абайлап тұру қажет. Алдымен бір қырына бұрылып, тек сосын ғана төсектен тұру қажет, сонда өсіп келе жатқан жатыр салдарынан созылған және әлсіреген іштің бұлшықетіне күш түспейді. 
28-апта – жүктіліктің үшінші триместрі, осы кезеңде болашақ ана өзіне аса сақ болуы тиіс. Әйел үшін басқа уақытта өзіміз аса байқай бермейтін әдеттегі заттар қауіп төндіруі мүмкін. Ваннадан шыққанда абай болу керек, лық тола көлікке отырмай, өкшесі жайлы аяқ-киімді ғана кию қажет. Болашақ аналардың қозғалыс қабілеті аздап бұзылады, сондықтан лық тола көлікке отырудан аулақ болып, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажет. 
Жүкті әйелдер қатты шаршап тұрса немесе басы айналса, үйден шықпағандары дұрыс. Ваннадан шығу үшін жақындарыңыздан көмек сұраңыз, оқыс қимылдар жасамаңыз және ауыр заттарды көтермеңіз.

Құрсақтағы баланың дамуы

Құрсақтағы бала өте жылдам өседі: салмағы 1 килограмнан асады, ал бойы шамамен 35 сантиметрді құрайды. Сәби белсенді дамуын жалғастырады. Оның бет әлпеті жұмырланып, беті томпайып, аяқ-қолының терісі тегістеліп, жазылады. 
Нәрестенің терісі әлі де болса қызылдау, өйткені сәбидің қылтамырлары терінің бетіне өте жақын орналасқан. Баланың шашы қарая бастайды, өйткені олар пигментті жинай бастайды. Кейбір балалардың пигментті жылдам жинайтыны соншалықты, ақшыл шашты ата-анадан қара шашты болып туылады. Кейін шаш ата-анасының гендік қорымен берілген реңкке ие болады. 
28-аптада мидың қыртысы дамуын жалғастырады. Осы кезеңде мидың қай сыңары белсенді болатынын анықтауға болады: егер бала аузына оң қолын апарса, онда мидың сол жақ сыңары жетекші болады. Және керісінше, сол қолдың жоғары белсенділігі сәби миының оң жақ сыңары белсендірек жұмыс істейтінін білдіреді. 
Баланың өкпесі толық қалыптасып болған және қалыпты тыныс алуға қажетті барлық құрылымдары бар. 28-аптада сәбидің өкпесінде алғаш тыныс алғаннан кейін альвеолалардың жабысуына жол бермейтін сурфактанттың жеткілікті көлемі жиналады. Сондықтан егер бала осы мерзімде туылса, ол толықтай өздігінен тыныс ала алады. Алайда, термореттеуші процестер жетілмегендіктен, бала өздігінен өмір сүруге әлі де болса толық бейімделмеген. Мерзімінен бұрын босанған жағдайда, шала туған балалар инкубатордың көмегімен қамтамасыз ететін арнайы күтімге мұқтаж болады. Ол жерде бала тұрақты температурасы, ылғалдылығы мен ауа құрамы бар тұрақты ортада болады.

УДЗ жасау

28-аптада ультрадыбыстық зерттеуді сирек жағдайларда ғана тағайындайды. Екінші жоспарлы УДЗ ендігі жасалып қойған, ал үшіншісін жасау үшін тиісті уақыт әлі келмеді. 
Дәрігер баланың дұрыс дамып жатқанына көз жеткізу мақсатында жоспардан тыс зерттеуді тағайындауы мүмкін. Басқа әйелдерге қарағанда УДЗ-ны көбірек жасауға тура келгеніне алаң болмаңыз, өйткені бұл емшараның сәбиге ешқандай зияны жоқ. 
Алдыңғы мерзімдердегідей, 28-аптадағы УДЗ сәбидің қалай дамып жатқанын және ананың жатыры қандай жағдайда екенін көрсетеді. Дәрігер нәрестенің барлық ішкі мүшелерін, даму дәрежесін тексеріп, жүрек қағысын тыңдайды және қозғалу белсенділігін бағалайды. 
Дәрігер анасының да тәнінің жағдайын бағалайды. Бірінші кезекте, жатырдың өлшемін, плацентаның орналасуы мен жетілу дәрежесін және кіндік пен қағанақ суының күйін тексеру қажет. Сондай-ақ дәрігер ұрықтың қалай орналасқанын анықтайды. Егер сәби жатырда көлденең жатса, уайымдамаңыз. Тігінен жатуға ауысу үшін баланың әлі талай уақыты бар. 
Осы кезеңдегі ұрықтың өлшемі айтарлықтай үлкен, сондықтан 28-аптадағы УДЗ – жатырдағы балаңыздың суретін алудың соңғы мүмкіндігі десе болады. Кейін сәбидің фотосуретін жасау мүмкін болмайды.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView