Әйелдің қал-жағдайы
Болашақ ана перзентханаға қажет болатын заттардың барлығын дайындап қойды, дайындық курсынан да өтті, дұрыс тыныс алуды үйреніп, ауырсыну сезімдеріне төзе білді.
Алайда, егер әлі босанбасаңыз, дүрлікпеңіз, өйткені 39-апта мерзімінен өткен жүктілік деп саналмайды. Әйел босанудың болжамды күні – бала біткен күнге емес, соңғы етеккір күніне негізделетін болжамды көрсеткіш екенін түсінуі тиіс. Босанудың нақты күні көптеген факторларға, соның ішінде әйел ағзасының жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.
• Жүктілік мерзімі созылып кеткен жүктілікке айналуы мүмкін дегенге алаңдамай, сабыр сақтау үшін оның қандай өзіндік ерекшелігі бар екенін біліп алу қажет:
Қағанақ суының көлемі қатты азаяды, бұл босану процесіне кері әсерін тигізеді.
• Дәрігер сәбидің басын қоршайтын алдыңғы судың жоқ екенін анықтайды.
• Жатыр мойны жетілмеген болып табылады.
• Нәрестенің денесінде қағанақ суының әсерінен қорғайтын май жетіспейді.
• Плацентаның қатты тозуы немесе қағанақ сұйықтығының мөлдір еместігі.
Көп жағдайда бұл белгілер жүктіліктің қырқыншы аптасынан кейін пайда бола бастайды, ал әзірге алаңдайтын еш нәрсе жоқ. Көп жағдайда мерзімінен өткен жүктілік кезінде дәрігерлер баланы жатырдан барынша жылдам шығарып алу үшін кесар тілігін жасауды ұсынады.
Кейде босану процесін жылдамдату үшін босануды ынталандырады. Әйелдің ағзасына жатырдың жиырылуын ынталандыратын арнайы дәрі-дәрмекті енгізеді, бірақ босанудың бұл әдісі жатыр мойны жұмсақ болса ғана мүмкін болады.
Босануды ынталандыру көп жағдайда ананың денсаулығына тікелей байланысты басқа да жағдайларда қажет болуы мүмкін. Осы емшараны қант диабетімен немесе гипертониямен ауыратын жүкті әйелдерге, сондай-ақ егер қынаптан жасылдау сұйықтық бөліне бастаса, ал ұрық дамуын және өсуін толық тоқтататын болса ғана ұсынады.
Дәрігер мерзімінен өткен жүктілік әйел мен балаға қауіп төндіре ме, жоқ па, соны анықтайды. Көп жағдайда босану күні 30 жастан асқан әйелдерде, сондай-ақ бірінші рет босанғатын әйелдерде шамалы ұзарып кетуі мүмкін. Босану процесінің кідіріп жатқанына түрлі факторлар әсер етсе де, көп жағдайда дәрігерлер бұл құбылыстың себебін анықтай алмайды.
Осы кезеңде дәрігерлер жүкті әйелге жатырдың күйін және сәбидің дамуын бағалау үшін бірқатар тексеруден өтуді ұсынады. Бірінші кезекте УДЗ жасайды, сондай-ақ ұрықтың дамуындағы ауытқуларды анықтауға көмектесетін бірқатар талдамалар тағайындайды.
Баланың дамуы
Сәби дамудың қажетті кезеңіне жетті. Бойы шамамен 52 сантиметрді, ал салмағы – 3500 грамды құрайды. Қалыптасып болғаны соншалықты, ол қоршаған әлеммен кездесуге дайын. Баланың басы немесе жамбасы (жатқан жатысына байланысты) жамбасқа қарай төмен түсе бастайды.
Сәбидің бас сүйегі босану жолдарымен оңай өту үшін жұмсақтығы мен иілгіштігін сақтап қалады. Баланың одан әрі өсуі бойы мен аяқ-қолының өсуіне негізделеді. Алайда, ұрықтың басы мен иығы да аяқ-қолы сияқты жақсы дамыған.
Осы мерзімде дүниеге келген балалар дыбыстарды жақсы естиді және көзіне жақын апарылған заттарды және ашық түстерді ажыратуға қабілетті.
Плацента өз жұмысын толық дерлік тоқтатады және осы мүшенің тозу процесі тездетіле түседі. Сондықтан сәбиіңіз оттектің және қоректік заттардың жетіспеушілігін сезе бастайды, бұл да босануды ынталандыруға алып келуі мүмкін.
Жүктіліктің 39-аптасындағы босану белгілері
Босанудың басталғанын білдіретін алғашқы белгілерді өткізіп алмауыңыз үшін өзіңіздің ішкі сезіміңізге мұқият құлақ асыңыз.
Босанудың жақындағанын білдіретін өзіндік ерекшелік тәбеттің кенеттен азаюы болып табылады. Кейбір әйелдер тамақтанудан толықтай бас тартып, арықтай бастайды.
Жалған толғақ күшейе түседі. Қазір олар шынайыға ұқсас, дегенмен, олар үнемі белгілі бір уақыт аралығында қайталана бермейінше, перзентханаға барудың қажеті жоқ. 39-аптадағы босану жаршысы – бел мен іштің төменгі жағының ауыруы.
Босанудың шынымен басталғанын анықтау үшін дене күйін өзгерту жеткілікті: пәтердің ішінде шамалы жүру, жату немесе жылы душ қабылдау керек. Егер ауырсыну сезімі басылмаса, онда шынымен босанатын боласыз.
Босанудың жақындап қалғанын білдіретін ерекшелікке тығыз, бірақ созылмалы ұйыған шырышты тығынның бөлінуін жатқызамыз, ол мөлдір немесе шамалы қан араласқан болуы да мүмкін.
Көптеген әйелдерде босанудың ерекше бір симптомы: ұя салу инстинкті болады. Олардың дүниеге келетін сәбидің бесігі мен бөлмесін жайғастыруға ойламаған жерден көп күш пайда болады. Әйелге осы жанға жайлы іспен айналысуға ешкім тыйым сала алмайды, бірақ денеге қатты күш түсірмеу де қажет.
Босануға дейін бірнеше күн қалғанда әйелдің ас қорыту жүйесі бұзылуы мүмкін. Кейбіреулерінің іші өтіп, тіптен құса бастайды. Егер де ешқандай үрейлі симптомдар болмаса, жүкті әйел өзімен бірге алмасу картасын міндетті түрде алып, таза ауада серуендей алады.
УДЗ жасау
39-аптадағы зерттеу жеке көрсетімдер болса ғана және дәрігер жібергенде ғана жасалады. Сәбиді тексерудің стандартты емшарасынан басқа дәрігер әйелдің ішкі мүшелерінің жағдайын мұқият бағалайды. Плацентаның тозу процесін бағалауға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені дәл осы мүше сәбиді оттекпен және қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етеді.
УДЗ-да сәбидің кіндікке оралмағаны айқын көрінеді. Бірақ, ондай жағдай орын алса да, оған уайымдамаңыз. Кіндіктің ұзындығы сәбидің босану жолымен еркін өтіп, дүниеге келуі үшін жеткілікті.
Егер бала жатырда көлденең жатса немесе ота жасауға басқа себептер бар болса, 39-аптадағы УДЗ-ның нәтижесі кесар тілігін тағайындауға себеп болуы мүмкін.
Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.