Баланың дамуы
Шын мәнінде, жүктіліктің ұзақтығы көптеген факторларға: анасының жалпы денсаулығына, етеккір циклінің ұзақтығына, овуляцияның нақты күніне және тұқым қуалаушылыққа байланысты.
Балаңыз дүниеге келуге дайын болса да, кейбір әйелдер жүкті болып жүре береді, бұл жағдайда ол ешбір жайсыздық сезбейді. Алайда, дәрігерлер жүктілігі қырық аптадан асқан болашақ аналарға аса көңіл бөледі. Сондықтан әйелге жатырдың, плацентаның және баланың өзінің жағдайын көрсете алатын қосымша УДЗ мен талдамалар тағайындауы мүмкін.
Ештеңеге қарамастан, балаңыз бұрынғыға қарағанда баяу болса да, өсе береді және міндетті түрде анасы сезетін қимылдар жасайды.
Әйелдің жағдайы
Болашақ ана өзінің ішкі сезіміне мұқият құлақ асуы тиіс. Егер бала белсенді қозғалмай қалса, босануға сәл-ақ уақыт қалды дегенді білдіреді. Бірақ сәбидің белсенді қозғалысы босанудың басқа белгілерімен қатар жүрмейтін болса, онда дәрігерден кеңес алу қажет.
Әйел алғашқы толғақты сезген кезде бірден дүрлігіп, алды-артына қарамастан, перзентханаға жүгірудің қажеті жоқ. Толғаққа әдеттегі жайлы ортада үйде шыдаған дұрыс болар, ал перзентханаға толғақ арасы шамамен 15 минут болған кезде бару қажет.
Алайда, егер толғақпен бірге су кетіп қалса, ауруханаға бірден бару қажет. Осы сәттен бастап болашақ ана балаға дүниеге келуге көмектесу үшін бар көңілін босануға шоғырландыруы қажет. Баланың босану жолдармен біртіндеп және бірқалыпты жылжуы үшін дұрыс тыныс алып, дер кезінде денені бос ұстап, дер кезінде күшену қажет.
Бала дүниеге келген кезде алғашқы толыққанды тыныс алуды жеңілдету үшін оның ауыз қуысынан шырышты сорып алады. Әрі қарай баланың кіндігі кесіледі де, ол дербес адамға айналады. Бірақ анасымен байланыс әлі де болса, ұзақ уақытқа сақталады. Сол себепті босанғаннан кейін баланы анасының кеудесіне салып, алғашқы ана сүті – уызды береді. Оның бала үшін құндылығы аса зор, өйткені ол иммунитетті көтеріп, сау ағзаны қалыптастыруға қабілетті.
Егер әйел баланы қалай емізетінін білмесе, баланы қалай дұрыс емізу керектігін айтып беретін дәрігерден кеңес сұрау қажет.
Егер босану басталмаса, болашақ ана оны өздігінен ынталандыра алады. Мысалы, жыныстық қатынасқа түсіңіз немесе тамырды кеңейтетін бір бокал шарап ішіңіз. Жалпы осы мерзімде кез келген дәмді тағамды жей аласыз, өйткені бала дүниеге келгеннен кейін ана балаға зиян келтірмеу үшін қатаң диета сақтауға мәжбүр болады. Егер мүмкіндік болса, босанар алдында ұйқыңызды қандырып алыңыз, өйткені баланы жылдам туу үшін күш-жігер қажет болады.
Әлі де босанбай жүрсеңіз, не істесе болады
Жүктіліктің 41-аптасы соңына жетіп, ал босану белгілері әлі де жоқ болса, әйел бірінші кезекте сабырлық танытып, дүрлікпеуі қажет. Дәрігеріңізбен міндетті түрде кеңесіңіз. Босануды ынталандыру қажеттігін немесе табиғи болмысқа негізделе отырып, күте тұруға болатынын тек дәрігер ғана айта алады.
Шындап келгенде, егер босанатын болжамды күн бастапқыда дұрыс белгіленбеген болса, жүктілік әлі де бір апта қалыпты дами алады. Бұған қоса, отыздан асқан әйелдерде, қант диабетімен және гипертониямен ауыратын әйелдерде босанудың басталуы созылуы мүмкін. Тағы бір маңызды дерек – бұл тұқым қуалаушылық.
Дәрігерлер ерекше жағдайларда: егер баланың дамуына қауіп бар болса немесе әйелдің суы кетіп, ал толғағы әлі де басталмаса, медициналық препараттардың көмегімен босануды ынталандырады.
Жүктіліктің 41-аптасына жеткен әйелдердің көбі физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршағандарын сезіп, тезірек босанғылары келеді. Сондықтан көптеген әйелдер ынталандырудың халық әдістерін пайдаланады. Егер жатыр мойны баланың өтуіне айтарлықтай жұмсақ болса, дәрігерлер бұны жасауға тыйым салмайды. Босануды ынталандырудың ең оңай жолы жыныстық қатынасқа түсу немесе емшек ұшын ширату. Қарқынды жаяу жүргенде де босану басталуы мүмкін, бірақ ешбір жағдайда ауыр нәрселерді көтеруге болмайды.
Сондай-ақ, әдеттегі ананас немесе қатты іш жүргізетін майсана майы да босанудың басталуына алып келеді. Бірақ осы әдістердің кез келгенін тек дәрігердің мақұлдауымен ғана қолдануға болады.
Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.