Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің 7-аптасы

Жүктіліктің 7-аптасында әйелдің денесінде таңқаларлық өзгерістер болады, өйткені эмбрион бұл кезеңде өте жылдам дамиды. Дәл осы себеппен болашақ ананың сыртқы белгілерге де, ішкі сезімдерге де көңіл бөлгені маңызды.

Жүктіліктің 7-аптасында болатын әйел ағзасындағы өзгерістер

Осы кездегі негізгі сыртқы симптомдар тез шаршауға бейімділік, токсикоз және оқтын-оқтын бас айналу болып табылады. Аяғы ауыр әйелдің сымбатынан балалы екені әлі білінбейді, бірақ бұл тек айналадағыларға ғана көрінбейді. Әйелдің өзі өзгерістерді сезеді – терісі тегістеліп, шашы құрғайды, емшегі ісініп, сезімталдығы арта түседі – қынаптан сары түсті ерекше бөлінді бөлініп тұрады (оларға алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені бұл табиғи әрі қалыпты процесс). Бірінші кезекте өзгерістер киім-кешекке қатысты білінеді, өйткені бала қарқынды дамиды да, ұнайтын қонымды киім кенеттен сыймай қалады. Бұл кезеңде сондай-ақ, емшектегі тамырлар да айқын көріне бастайды, бұл әйелдің қан тамырларының кеңеюге  бейімділігін көрсетеді.

Сәбидің даму ерекшеліктері

Ұрық дамуының 5-аптасына сәйкес келетін жүктіліктің 7-аптасында құрсақтағы баланың басы көлемі жағынан белсенді түрде ұлғая бастайды, бұл мидың қарқынды қалыптасуымен түсіндіріледі. Жүйке түтігінде ми көпіршіктері деп аталатын бес түйін пайда болады, олар кейін ми бөліктеріне айналады. Біртіндеп эмбрионның ОЖЖ-сын оның ішкі мүшелерімен қосатын жүйке өсінділері қалыптасады. Сондай-ақ көру мүшесі де белсенді дамиды, соның арқасында ми көпіршіктерінің біреуі алдыға қарай беріліп, көз торы мен көру жүйелерінің пайда болуына жағдай жасайды. 
Ұрықтың қалыптасуының бесінші аптасының соңына қарай ішектің алдыңғы бөлігінің бөлінуі арқасында балада ас қорытудың негізгі мүшелері (жұтқыншақ, асқазан және өңеш) қалыптасады. Көлемі жағынан бауыр мен ұйқы безі қарқынды ұлғаяды, ал кіндік жағына ішектің ортаңғы бөлігі жақындай түседі. Қуықасты безі мен қуық ішектің артқы бөлігінен тік ішек пен несеп-жыныс қойнауына бөліну арқылы пайда болады.
Ішектің алдыңғы бөлігі алдыға қарай беріледі де, осылайша кеңірдек түзіледі.
Жыныс бездері бастапқы бүйректе пайда болатын түйіндер түрінде қалыптаса бастайды. Міне, осы «білікшелер» жыныс жасушаларының түзілу негізі болып табылады. 
Омыртқа жотасында мойын жақта бірінші бүгіліс пайда болады, ал эмбрионның бойы екі сантиметрге дерлік жетеді. Күрекше пішініне ие болатын қол жылдам дами бастайды, ал бұл кезде аяқ әлдеқайда баяуырақ қалыптасады. Ұрықты қанмен күшейтіп қамдау қажеттілігі плацента құрылымын күрделендіре түседі – дамудың 7-аптасының соңына қарай ол қалыңдығы бойынша 1 сантиметрден аса өседі.
Бала дамуының осы кезеңінде барлық мүшелері мен жүйелері дәл осы кезеңде белсенді түрде дамитынын есте сақтау өте маңызды, бұл құрсақтағы баланың иммунитетіне және кейінгі денсаулығына әсер етпей қоймайды. Өсудің ең алғашқы маңызды кезеңдерінің бірі жүктіліктің он екінші аптасының аяғында аяқталады. 
Егер болашақ анада қандай да бір дәрілерді қабылдау қажеттілігі туындаса, жүктіліктің 7-аптасында ұрық оларға аса қабылдағыш екенін ескеру қажет, сондықтан дәрі-дәрмектерді қабылдамас бұрын тексеріліп жүрген дәрігерден кеңес алу қажет.

Жүктіліктің 7-аптасындағы ультрадыбыстық зерттеу

Көп жағдайда УДЗ-ны гинеколог дәрігер әйелді есепке алған кезде жүктіліктің 6-аптасында-ақ жасайды. Бұл жағдайда, егер бұл іске аспаса, онда дәрігер оны бір апта кешірек жасауға кеңес береді. Осы сәтте жатырда эмбрион бар-жоғын нақты анықтауға болады, әйтсе де, жынысын әлі анықтау мүмкін емес. Есесіне құрсақтағы баланың жүрек қағысы естіліп, байқалады, сондай-ақ бойын да анықтауға болады. 
Болашақ ата-ананың толыққанды тамақтану мен дәрумендер мөлшері ұрықтың қалыпты дамуына септігін тигізетінін есте ұстағаны маңызды, сондықтан осы мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау қажет. Жүктіліктің 7-аптасында әйелдің рационынан қақталған, қуырылған, ащы және тұзды тамақты алып тастап, аса пайдалы тағамдарға – көкөністерге, жемістерге және т. б. көбірек көңіл бөлгені қажет. Алайда, өзіңізді майлар мен көмірсулардың белгілі бір мөлшерін тұтынудан шектемеу қажет, өйткені олар бала дамуындағы негізгі көздер болып табылады. Мамандар, мүмкіндігінше, жаяу жүруге, арнайы жаттығу жасауға көп уақыт бөліп, көп күш жұмсауды талап ететін спорттың қандай да бір түріне қатыспауға кеңес береді.

Жүктіліктің 7-аптасындағы талдамалар

Жүктіліктің екінші айында әйелге: қынаптан жағынды, АИТВ және мерезге қан талдамасын, жалпы қан және несептің талдамаларын, сондай-ақ АХГ деңгейін және бұрындары жүктілік барысында қиындықтар туындаған болса, гемостазиограмманы (қанның ұю деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін талдама) анықтау үшін несеп талдамасын жасау ұсынылады.

Аналарға арналған мүмкіндіктер

Балаңыздың дүниеге келуіне дейінгі 40 апта сізді таң қалдыратын барлық қызықты, физикалық өзгерістерге және үлкен күн жақындаған сайын өсетін күту сезіміне толы.

EmptyView