Балаларға арналған дәмді езбелер рецептісі Балаларға арналған дәмді езбелер рецептісі
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Балаларға арналған дәмді езбелер рецептісі

Әрбір ана баласының қосымша тағамын жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырысады! Өйткені, баланы жаңа өнімдермен таныстырып қана қоймай, оның рационын әртараптандырғысы келеді, сонымен қатар аллергия мен жағымсыз салдарға жол бергісі келмейді.

6 айдан асқан сәбилерге арналған жылдам дайындалатын және дәмді езбе рецептілерімен бөлісеміз. Асыңыз дәмді болсын!

Балалар езбесін дайындаудың бірнеше маңызды ережелері

  • Тек жаңа піскен көкөністер мен жемістерді қолданыңыз.

  • Көкөністі пісіруге арналған су сүзілген немесе бөтелкедегі болуы керек.

  • Егер мұздатылған тағамдарды қолдансаңыз, тек бүтін көкөністер мен жемістерді таңдаңыз, өйткені оларда ең көп пайдалы заттар сақталады.

  • Нәрестелердің рационына асжапырақ, салат жапырағы, қызылша, қауын және қарбыз сияқты нитраты жоғары көкөністер мен жемістерді пайдаланбаңыз.

  • Дүкеннен сатып алынған көкөністердің нитраттарын шығару үшін суға салып қоюды ұсынамыз: ол үшін 1-2 сағат, картопқа — 24 сағат керек.

Сәбіз-брокколи

Ингредиенттері:

брокколи – 3 гүлі

сәбіз текшелері - ½ стақан

сүт немесе су – 70 мл

өсімдік майы — 1 шай қасық.

Дайындау:

Көкөністерді 15-20 минут буға пісіріңіз, блендермен біртекті езбе болғанша езгілеңіз.

Кәді-картоп

Ингредиенттері:

кәді текшелері - 1 стақан

картоп текшелері - 1/5 стақан

сүт немесе су – 40 мл

зәйтүн майы – жарты шай қасық

Дайындау:

Крахмалы шығу үшін картопты суық суға салып қойыңыз. 15 минут буға пісіріңіз, содан кейін блендермен біртекті езбе жасаңыз.

Асқабақ – гүлді орамжапырақ

Ингредиенттері:

асқабақ текшелері – 1 стақан

гүлді орамжапырақ – 2-3 гүлі

су немесе сүт – 60 мл

өсімдік майы – 1 шай қасық

Дайындау:

Көкөністерді 15 минут буға пісіріңіз де, қою езбе жасаңыз.

EmptyView