Жөргектің өлшемін ауыстыратын кез келді.
Француз әлеуметтанушылары адамзаттың күнделікті өмірін түбегейлі өзгерткен ХХ ғасырдың 30 ең маңызды өнертабыстарының тізімін жасап, оған жөргекті қосқанын білесіз бе?
Қазір оларды сәби дүниеге келген күннен бастап түбекке үйренетін кезге дейін пайдаланады. Баланың нәзік терісінің баздануы, тітіркенуі және теріні қысып кетуі сияқты қиындықтарға жол бермес үшін жөргектің дұрыс өлшемін қалай таңдауға болатынын білген маңызды.
Өлшемін қалай анықтауға болады?
Жөргекті жасы бойынша таңдамаңыз. Сәбилердің әрқайсысы ерекше және салмағы мен бойы әртүрлі болуы мүмкін.
Жөргектің өлшемдері кг тұрғысынан өзгереді. Бұл мән қашанда қаптамада көрсетіліп тұрады.
Ең қолайлы өлшемді таңдауға тырысыңыз. Тым үлкен жөргектен ағып кетеді, ал кішкентайы қажайды, қысады және қызартып жібереді.
Егер өлшеміне сенімсіз болсаңыз, үлкенірек өлшемді таңдаған дұрыс.
Маңызды жәйт – өлшемі неғұрлым кішірек болса, қалташадағы жөргек саны көбірек болады. Өйткені жасы өскен сайын кіші дәретке бару жиілігі азая түседі.
Жөргектің өлшемі дұрыс екеніне қалай көз жеткізуге болады?
Жөргек кіндікке дейін баланың денесіне жабысып тұрады және қыспайды. Ағып кетуден сақтайтын манжеталар сыртта, аяғында болуы керек.
Жөргек нәрестеге кішкентай емес және терісін қыспайды.
Жөргекті шешкеннен кейін баланың терісі құрғақ болып тұрады. Онда бөртпелер мен қызарған жерлер жоқ.
Мынадай жағдайларда үлкен жөргекті таңдаған жөн:
Жөргек баланың құйрығын толық жаппай тұрады.
Бел мен жамбасының айналасында қызарған іздер бар.
Бір зәр шығарғаннан кейін жөргек толығымен сулы болып кетеді.
Дұрыс өлшемді таңдасаңыз, баланы жайсыздық пен ағып кетуден құтқарасыз.