Екінші баланы өмірге әкелуді ойлап жүрсіз бе?
Бірінші бала өмірімізді өзгертеді. Көптеген әйелдер мен ерлі-зайыптылар үшін бұл нағыз сынаққа айналады. Түптеп келгенде, баланың әлдеқайда дербес болатын кезі келеді, енді өзіңізге күтім жасайтын, саяхаттайтын, демалатын және ұйқыны қандыратын уақыт келген сияқты көрінеді, бірақ «Бәлкім, екінші бала керек шығар?» деген ойлар сізді жиі мазалайтын болады. Кейбір отбасылар балалар көп болуы керек деген мықты сенімділікке негізделеді. Басқа жұптар бір мұрагер жеткілікті деген сенімде болады. Пікірлер әртүрлі.
Отбасындағы екінші бала бұл бірінші бала туылғаннан кейін отбасының тап болған дағдарыстан қаншалықты функционалды және сәтті өткенін тексеру десе де болады. Сондықтан баланы бұл оқиғаға дайындар алдында алдымен ата-ананың өзі дайындалып, екінші баланы дүниеге әкелу себебін түсінуіңіз керек.
Бірінші баланың пайда болуы отбасының функционалдығын айқын көрсетеді: егер ерлі-зайыптылар өздерінің проблемалары туралы сөйлессе, оларды мойындауға және бір-біріне қолдау көрсетсе, қарым-қатынастар мен рөлдерді қайта құрса, балаға бірлесіп қамқор болса және ерлі-зайыпты қатынастарын сақтаса, екінші баланың пайда болуына қатысты дағдарысты байқамауы мүмкін. Ал егер екінші бала пайда болған қашықтықты жеңудің тәсілі болса, онда оңай болмайды, бірінші балада тап болған қиындықтар қайталанады, бірақ жиі-жиі қайталануы мүмкін. Егер екінші бала қарым-қатынасты құтқарушы болса, баланың проблемасы бірге болуға негіз болады, балалар мен проблемаларды қауіпсіз біріктіру стратегиясы болады.
Сондықтан екінші бала туылғанға дейін отбасының бірінші және негізгі дайындығы – олар ерлі-зайыпты болған өміріне және өздерінің ата-ана ретіндегі қызметіне талдау жасаулары керек. Кез келген жұптың ата-ана болудан бөлек, ерлі-зайыпты өмірі бар екеніне көз жеткізіңіз. Оларға баласыз бірге болған ұнай ма, осы жағын тексеру керек. Жұптың арасындағы келісім, бірлік және түсіністік қаншалықты дұрыс екенін нақтылаңыз. Егер талдау отбасының функционалды екенін көрсетсе, онда екінші бала қосымша жүктеме болады, бірақ ерлі-зайыптылардың арасында пайда болған салқындықты құтқара алмайды.
Неліктен балалы болғыңыз келуі мүмкін:
Балаңызға өзіңіздің «қажет емес» екеніңізді сезінуден қорқуыңыз мүмкін.
Бала өсті. Оны әлі толық зерттеп болмаған белгісіз әлем күннен-күнге қызықтырады. Ол көбінесе анасымен және әкесімен емес, басқа балалармен бірге уақыт өткізгенді қалайды. Оның ата-анасына айтуды қажет деп санамайтын істері мен құпиялары пайда болды. Жақында ғана соншалықты дәрменсіз еді, ал қазір қамқор, өзі үшін бәрін жасауға дайын анасы: «Кет, өзім істеймін!», «Өзім білемін!» деген сөздерді жиі естиді.
Алайда, бұл балаңыз үшін сіздің маңызды емес екеніңізді білдірмейді. Ол сізді әлі де жақсы көретіні сөзсіз. Ал қамқорлығыңызды бұрынғыдан да көбірек қажет етеді. Шынында да, үлкен әрі бейтаныс әлемде оны көптеген қиындықтар мен қауіптер күтуде! Ұлыңыз немесе қызыңыз бәрін өздері жасағысы келеді, бірақ әзірге көп нәрсе жасай алмайды. Үлкен баланың толық тәуелсіздігі туралы елеске бой алдырған ата-аналар енді кіші баласына алаңдай бастайды, сол кезде олар келесі қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Ата-анаға салыстырмалы түрде тәуелсіз болу – баланың жеке басының дамуындағы қажетті кезеңі. Бұл кезеңді екінші балаңыз да басынан өткереді. Сондықтан тағы бір бала ата-ананың «артық» болу қорқынышымен күресудің жолы бола алмайды. Ұлыңыз немесе қызыңыз өсіп, өзгереді. Олармен бірге ата-аналар сіздер және балалармен қарым-қатынасыңыз өзгеруі керек.
Ұл бала және қыз бала болғанын қалайсыз
Бұл өте кеңінен таралған жағдай: ерлі-зайыптылар отбасында ұлдың да, қыздың да болғанын қалайды. Негізі, онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ мына жағдайды елестетіп көріңізші: ұл (немесе қыз) туылады деп жүргенде үмітіңіз ақталмады. Мұндайда көңіліңіз қалады, бұл әрекетіңізді баладан жасыра алмайсыз. Өйткені кішкентай балалар өте сезімтал. Олар сөздер мен іс-әрекеттерге емес, оларға деген эмоционалды қарым-қатынасқа жауап береді, мұндай қарым-қатынасты «қолдан» жасай алмайсыз.
Тұңғыш бала ата-анасының үмітін ақтамады
Тұңғышы ана-атаның көңілінен шықпағандықтан, екінші балалы болу туралы шешім қабылдау арқылы ата-аналар үлкеніне ауыр жарақат тигізеді. Анаң мен әкеңнің ойынан шығатындай мықты емес екеніңді сезінген адам төзгісіз!
Қорытындылай келе, балалы болудың жалғыз себебі – сіздің шексіз махаббатыңыз және жаңа адамға жарық дүние сыйлау, онымен эмоцияларыңызбен, сезімдеріңізбен және барлық жарқын нәрселеріңізбен бөлісуге деген ықыласыңыз болуы керек. Сіздің қалауыңызды тек осы сезімдер басқарсын