Бала қара өріктің көлеміндей және алғашқы шаштары шыға бастайды
Бұл апта маңызды және айрықша, дамудың ұрық кезеңі басталады, ал болашақ бала қазір эмбрион емес, ресми түрде ұрық деп аталады. Барлық ішкі органдары қалыптасқан, олар болашақта тек өсіп, дамуы керек. Мамандар оныншы аптаны бірінші қауіпті мерзімдегі аяқтаушы кезең деп санайды: осы уақыттан бастап әртүрлі сипаттағы химиялық факторларға байланысты туындауы мүмкін ақаулардың пайда болу ықтималдығы онша жоғары емес.
Бұл уақытта ұрық жатыр қуысында еркін орналасады, оның қабырға-ларына жанаспайды деуге болады. Болашақ сәбидің жүйке жүйесінің қарқынды қалыптасуы байқалады, импульстардың жүйке-бұлшықет жолдары арқылы берілуі жақсарады. Бұл процесс қарқынды қозғалы-стардың пайда болуына әкеледі. Мұндай қозға-лыстар рефлекторлық болып табылады, олар белсенді және жатырдың қабырғаларымен байланыста болады. Ұрық аяқтарын, басын және қолдарын айқын қозғалта алады.
Әйел ұрықтың қозғалысын сезінбейді, бірақ ультрадыбыстық зерттеу арқылы олар айқын көрінеді.
Қазіргі уақытта көкет түпкілікті қалыптасып жатыр, бұл іш және кеуде қуысын бөлуге арналған жалпақ бұлшықет. Ішкі органдардың одан әрі дамуы жүреді.