Баланың дамуы Баланың дамуы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Баланың дамуы

Ақырғы санақ басталды десе де болады. Сіз жүктіліктің төрттен үш бөлігінен өттіңіз, ал қалған 10 аптаның қалай тез өтетініне таңқалатын боласыз. Бір кездері ұзақ болып көрінген нәрсе күннен күнге жақындап келеді.

Қазір белгілі бір эмоциялық өзгерістерді сезіп жүрген шығарсыз: басқа жүкті әйелдерді, нәрестелер мен кішкентай балаларды байқап, басқа аналардың тәжірибесіне қызығушылық таныта бастаған боларсыз. Тіпті, жүктілігіңіз жоспарлы болмаса да немесе сіз үшін тосынсый болса, онда 30-шы аптада жақында ана атанатыңызды саналы түрде ұғатын боласыз. Тіпті, сіз әдетте өз эмоцияларыңызды көрсетпесеңіз, жүктіліктің 30-шы аптасында жаңалықтарды немесе қайғылы оқиғаларды көру эмпатия тудырып, көз жасыңызға ерік беруіңіз мүмкін. Бұл босанғаннан кейінгі күйзеліске дұшар болатыныңызды білдірмейді. Осы кезеңде өзіңізді эмоциялық әлсіз сезіну қалыпты жағдай. Бұл болашақ ананың бала қажеттіліктеріне ден қойып, сезе алуы үшін табиғаттың жасаған құбылысы

Осы аптадағы физикалық өзгерістер

  • Енді дәретханаға жиі барғыңыз келуі мүмкін. Бала өсіп жатыр, осы арқылы қуыққа салмақ түседі, сондықтан қуығыңызға сәл несеп жиналса болды, дәретке барғыңыз келіп тұратын болады. Алайда, дәретханадан тез шығып кетпеңіз, барған сайын несеп шығару жолдарының жұқпасын дамытып алмау үшін қуықты толық босатып алған дұрыс.

  • Күні бойы әуреге түсіп, кешкісін шаршағаныңызға қарамастан, ұйқысыздық пайда болуы мүмкін. Бұл үшінші триместрдегі көп тараған жағдай, бұл жағдайда көмектесетін шара өте аз. Әйелдердің көбінде ұйқыға дайындалудың тұрақты салт жорасын орындап, кофеинді пайдаланбай, ұйықтар алдында бірнеше сағат тыныштықта болып, ыңғайлы төсекті таңдаудан басқа амалдары жоқ. Сондай-ақ ақ шуыл, мысалы, желдеткіштің дыбысы немесе денеңді босаңсытатын музыка көмектесуі мүмкін. Тыныштандыратын және ұйықтататын дәрі-дәрмектерді қабылдамаған жөн. Оның орнына сүт ішіп, төсекке бірнеше жастық алып, бір бүйіріңізбен жатып, үстіңгі аяғыңызды ұзын жастыққа қойып жатып көріңіз. Жатын бөлмеден компьютер мен ұялы телефонды шығарып тастап та ұйықтап көріңіз. Бөлмені босатыңыз, ондағы артық заттың барлығын шығарып тастаңыз. Жатын бөлмеде тыныштық орнауы тиіс.

  • Сізді аяғыңыздағы веналардың варикозды кеңеюі мазалауы мүмкін. Жатырдың жамбастағы негізгі қан тамырларына түсіретін қысымы веналарға пайдалы емес. Өкінішке орай, бұл жағдай жақын уақытта тек нашарлай беретін болады. Кейбір әйелдерде варикоз сарпай тұсында дамиды, ол геморроймен қатар болса, тіпті қиын болады. Лайкрадан жасалған компрессиялық ішкиім, ұстап тұратын колготкалар, салқын ванна мен душ, сондай-ақ ұзақ тұрып тұрмау көмектеседі. Салмағыңызды бақылап жүріңіз, мүмкіндік бола қалса, аяқтарыңызды көтеріп жатыңыз. Әдетте, босанғаннан кейін веналардың жағдайы жақсарады, бірақ кейбір әйелдерде варикоз белгілері қалып қояды.

Осы аптадағы эмоциялық өзгерістер

  • Егер әлі де жұмыс істеп жүрсеңіз, аздап «шаршап жүргендей» болуыңыз мүмкін. Басқа адамдардың сұрақтарына көңіл бөліп тыңдау қиындай түседі. Олар сізді қызықтыру үшін ақша төлесе де, сізге бұл аз болып көрінуі мүмкін. Егер толық күн жұмыс істеп жүрсеңіз, декреттік демалысқа шыққанша, штаттан тыс жұмысқа ауысып көріңіз. Басшыңыздан келесі бірнеше апта бойы үйден жұмыс істеу немесе жауапкершілігі аздау басқа жұмысты жасау мүмкіндігін сұрап көріңіз. Егер жеңілірек міндеттерге ауысуды жоспарлап жүрсеңіз, дәрігеріңізден анықтама алу қажет болуы мүмкін.

  • Егер үйдегі балаларыңызға күтім қажет болса, үзіліс ала алмайсыз. Түстен кейін балаларыңыз ұйықтаған кезде жатып, демалып көріңіз. Сіздің демалуыңыз үшін балалар күтіміне қатысты міндеттерді жұбайыңызбен бөлісіп жасауға келісіңіз. Шаршағандық бүкіл отбасы мүшелерін эмоциялық күйзеліске алып келуі мүмкін.

  • Не сезіп жүргеніңіз жайлы жұбайыңызды айтып тұрыңыз. Сіздің аяғыңыз ауыр болғанына біраз уақыт болды, оның бастапқыдағы қуанышы белгілі бір скепсиске өзгеруі мүмкін. Жас ата-аналарға арналған курстарға бірге жазылыңыздар, оның қандай әке болатыны жайлы сөйлесіңіздер. Оның баламен қарым-қатынасы дәл сіздікі сияқты баланың ұрықтану сәтінен бастап өте маңызды.

  • Зейін қоюға қатысты проблемалар бар ма? Егер оқып жүрсеңіз, онда оқулықтан басқаның бәрін ойлай беретініңізді байқаған шығарсыз. Үшінші триместрде алға қойылған міндетке көңіл бөлу белгілі бір психологиялық күш жұмсауды талап етуі мүмкін. Егер міндеттерді баяу орындап, оған үнемі сылтау таба беретін болсаңыз, онда таймерді қолданып көріңіз. Бір сағат бойы зейін қойып, сосын үзіліс жасаймын деп өзіңізбен келісіп алыңыз. Бұл шынымен де жұмыс істейді!

Осы аптада бала қалай өзгереді?

  • Осы аптада баланың бойы басынан аяғына дейін шамамен 43 см, ал салмағы шамамен 1,5 кг. Бұдан былай және келесі бірнеше аптада сәби жылдам салмақ қоса беретін болады. Рақаттанып тамақтаныңыз! Кейбір жеңсік астарды қоса, қалаған тамақты шағын мөлшерде жей берсеңіз болады. Егер белгілі бір өнімді жегіңіз келсе, жеңіз. Егер шыдап отыра берсеңіз, онда басқа нәрсені ойлай алмайтындай халге түсесіз.

  • Баланың терісінің астына май көптеп жинала бастайды, ол толықтау әрі күштірек болып көрінеді. Аяқ-қолдарындағы тері қатпарлары тола бастайды, туғанға дейін оның терісі жұмсақ және сәл томпақ болады.

  • Сәбидің миы өсті, жүйке жүйесі жетіліп қалды. Бала туғаннан кейін миллиондаған нейрондар сіздің сүйіспеншілікпен жасаған қамқорлығыңыз бен ынтаңызды күтетін болады, ол нейрондарды біріктіретін синапстарды қалыптастыру үшін қажет. Сәбимен тілдесу үшін оның туғанын күтпеңіз. Әңгімелесу, ән салу, ішті уқалау және сәбиіңіздің қандай болатынын елестету ерте эмоциялық байланысты қалыптастыруға көмектеседі. Соңғы бірнеше апта бойы жүктілік журналын жүргізуді ойластырыңыз. Жылдар өткен соң оны баламен бірге оқып, ерекше естеліктеріңізбен бөлісе аласыз.

  • Бала басын жоғары, төмен қаратып, бүйірімен, тіпті іште көлденеңінен де жата алады. Бірақ, жылдам өсетінін ескерсек, сәби біртіндеп жатырыңызда толық «сальто» жасау қабілетінен айырылады.

  • Осы аптада баланың саусақтарында тырнақтар қалыптасып болады. Кейбір сәбилердің тырнақтарын олар туа салысымен бірінші күні-ақ алу керек, бұл олардың өз беттерін тырнап алмауы үшін қажет.

EmptyView