Сәби жүрегінің соғу дыбыстары Сәби жүрегінің соғу дыбыстары
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Сәби жүрегінің соғу дыбыстары

Бұл кезеңде жүктіліктің үштен бірі өтті деп болжауға болады. Дәл осы кезеңде эмбрион ұрық деп атала бастайды және ол дамудың жаңа кезеңіне өтіп, белсенді өсе бастайды.

Балаңыздың денесінің ұзындығы 5 см-ден сәл ғана асады. Бұл баланың туылған кездегі толық көшірмесі, тек кішірейтілген. Қалай болғанда да қазір ол басқа планеталыққа немесе экзотикалық жануарға ұқсамайды. Ішіңізде кішкентай адам өсіп келе жатқаны анық.

Көлемі бойынша балаңыз қазір үлкен лаймға ұқсайды. Сондықтан, кешкі астан кейін немесе қуығыңыз толып тұрған кезде іштің төменгі бөлігіндегі сезімдер айқын болады.

Егер жүктілік кезінде бірде-бір рет дәрігерге бармасаңыз, дәл қазір барған жөн. Күйеуіңізбен бірге баратын уақытты таңдап, дәрігер кеңесінің қалай болғанын талқылау үшін бірнеше сағат бөліңіз. Доплерографиялық УДЗ анық естілетін балаңыздың жүрек соғысының дыбысы сізге қатты әсер етуі мүмкін.

Алдағы 3 аптада нәресте екі есе өседі. Шаршағаныңызды сезсеңіз – бұл қалыпты жағдай: ұйықтап жатсаңыз да, денеңіз баланың қарқынды дамуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс істейді.

EmptyView