Алғашқы тіс: барлығы жеке балаға байланысты Алғашқы тіс: барлығы жеке балаға байланысты
Бір жасқа дейін - huggies.kz - icon 01

Алғашқы тіс: барлығы жеке балаға байланысты

Бала өмірінің бірінші жылы тек өзі үшін ғана емес, ата-аналар үшін де жаңалықтарға толы. Алайда баласының әрбір кішкентай жетістігі үшін мақтанышпен бірге олардың бойында үнемі алаңдаушылық жүреді. Аналар мен әкелер бәріне алаңдайды: нәресте жеткілікті тамақ ішіп жүр ме, тым тыныш ұйықтайды ма, дұрыс дамып жатыр ма... Бұл шексіз алаңдаушылық пен үміттер тізіміндегі негізгі орындардың бірінде алғашқы тістер тұр. Барлық ата-ананың қорқынышты оқиғалары «содан кейін оның тістері шыға бастады...» деген сөздермен басталатынына қарамастан, «көршінің баласының алты айда төрт тісі бар, бізде әлі бірде-біреуі жоқ» деген ой мазалайды. Себеппен де, себепсіз де алаңдауды тоқтату үшін балаңызды басқалармен салыстыруды доғарыңыз. Алғашқы тістер қашан пайда бола бастайтынына және неге ол әртүрлі уақытта шығатынына тоқталайық.

Алғашқы тіс: барлығы жеке балаға байланысты

Сіз ешқашан балалардың бәрін бірыңғай стандартты жасай алмайсыз, тіпті, тырыспаңыз. Кейбір нәрестелерде тіс төрт айдан кейін шыға бастайды, ал басқалары жеті айында да ата-аналарын тіссіз қуанта береді. Нәрестелер екі-үш тіспен туылған жағдайлар да бар. Барлығы жеке балаға және көптеген факторларға байланысты. Алайда ең болмаса, қандай да бір нұсқауларға ие болу үшін дәрігерлер тістердің шығу кестесін жасады. Егер мұқият қарасаңыз, ол жерде де нақты мерзімнің жоқ екенін байқайсыз, бәрі бір-екі айлық алшақтықпен беріледі.

Алғашқы тіс қашан шығады?

Алғашқы тістер қашан шыға бастайды? Олардың қалыптасуы жүктілік кезінде пайда болады: сүт тістері – шамамен 7-10 аптада, тұрақтылары – 17-ші аптадан кейін. Орташа алғанда, 4 айда сүт тістері қызылиектің ішінде белсенді қозғала бастайды, шамамен 6-7 айда олар бетіне «шығады». Әдетте, бұл ортаңғы төменгі қасқа тіс. Олардың артынан төрт жоғарғы қасқа тіс пайда болады, содан кейін төменгі бүйірлік тістер пайда болады. Әдетте, бір жасқа дейінгі баланың сегіз сүтті тісі шығады. Қалған он екі тіс екі-үш жасқа дейін шығады.

Тістердің болжамды шығу кестесі:

  • төменгі орталық қасқа тістер - 6-9 ай;

  • жоғарғы орталық қасқа тістер - 7-10 ай;

  • жоғарғы бүйірлік қасқа тістер - 9-12 ай;

  • төменгі бүйірлік қасқа тістер - 11-14 ай;

  • жоғарғы алғашқы азу тістер - 12-15 ай;

  • төменгі алғашқы азу тістер - 12-15 ай;

  • жоғарғы сойдақ тістер - 16-20 ай;

  • төменгі сойдақ тістер - 17-22 ай;

  • жоғарғы екінші азу тістер - 20-33 ай;

  • төменгі екінші азу тістер - 24-36 ай.

Балаңызда тістің шығу жылдамдығы мен реті басқа болуы мүмкін. Болашақта бұл тістің саулығына әсер етпейді. Артта қалу алты айды құрауы мүмкін. Егер бір жасқа дейін баланың бірде-бір тісі болмаса, алаңдауға болады. Мұндай жағдайда тіс дәрігеріне баруыңыз керек.

Кешігу себептері

Бұрын тіс шығудың кешігуі кейбір аурулардың бар екенін растайды (мысалы, рахит) деп саналатын. Алайда, қазіргі заманғы медицина бұған қарсы.

Алғашқы тістердің пайда болу уақыты мыналарға байланысты:

  • Тұқым қуалаушылық. Егер отбасы мүшелерінің біреуінің тістері көрсетілген мерзімнен кеш пайда болса, балаңыздың тістері жылдам шығады деп күтпеңіз: ата-анасының біреуіне ұқсаған.

  • Босану күндері. Мерзімінен бұрын туылған нәрестелердің тістері әдетте, кейінірек шығады.

  • Жүктілік кезінде ананың тамақтануы. Бұл тістің құрылуына тікелей әсер етеді.

  • Бала көтеру кезінде ананың әртүрлі дәрі-дәрмектерді қабылдауы.

Кейде тіс шықпай қалатын да кездер болады. Бұл адентия деп аталады және тіс-жақ жүйесінің дамуында болатын ауытқуға, тіс басының болмауына байланысты. Алайда, бұл өте сирек кездесетін құбылыс.

Тістердің шығу кестесінің сәйкес келмеуі байбалам жасауға себеп емес. Алайда осы негізде баланың жалпы жағдайы мен оның даму жылдамдығына алаңдасаңыз, организм жұмысындағы ықтимал бұзылулардың алдын алу үшін дәрігерге қаратыңыз.

EmptyView