Баланы қымбат ойыншықтарсыз қалай қызықтыруға болады?
Балаңыз ойыншықтарға деген қызығушылығын тез жоғалта ма? Назарыңызға бір-екі минут ішінде өзіңіз жасай алатын қарапайым ойыншықтарды ұсынамыз. Есіңізде болсын, баланы қымбат ойыншықтардың арасына отырғызып қоюдың қажеті жоқ. Балалар қарапайым заттармен ойнағанға да қуанады.
Пішіндер
Не қажет:
Түрлі түсті қағаз, ақ қатырма қағаз, қайшы, желім, мұзға арналған қалып.
Қалай жасау керек:
Қағаздан әртүрлі пішіндерді кесіп алыңыз: шеңберлер, квадраттар, үшбұрыштар, жұлдыздар. Әр пішіннің өзіндік түсі болсын: мысалы, шеңберлер тек қызыл, ал квадраттар тек көк түсті болады. Мұз қалыптарының әртүрлі ұяшықтарына бір пішіннен жабыстырыңыз. Басқа пішіндерді қатырма қағаздың кесектеріне желімдеңіз, сонда карточкалар шығады, балақай оларды тиісті ұяшықтарға сала алады. Бұл ойын логика мен моториканы дамытады.
Гамак
Не қажет:
Ескі перде, орындық.
Қалай жасау керек:
Орындықты пердемен айналдыра жауып, аяқ жағын мықтап байлаңыз. Орташа биіктіктегі жайлы шағын гамак болып шыға келеді.
Теңіз бөтелкесі
Не қажет:
Су, бақалшық, теңіз тастары және жылтырлар.
Қалай жасау керек:
Бөтелке түбінің 1/3 бөлігіне тас, бақалшық пен жылтырларды салыңыз, бөтелке толғанша су құйыңыз. Бөтелкенің қақпағын жабыңыз, мойнына супер желімді алдын ала жағыңыз.