Бала үшін бір кішкентай қадам, бірақ бұл адамның дамуындағы орасан зор өзгеріс
Баланың алғашқы қадамдары – ата-ананың көптен күткен мерекесі. Кішкентай сәби 9-18 ай аралығында тәй-тәй басады, бірақ 12 айдан кейін мазасыз ата-аналардың салы суға кетеді. Содан кейін оқиғаларды қажетсіз үдету орын алады.
Асықпаңыз
Бала алғашқы қадамын жасау үшін не істеуге болады? Біріншіден, баланы асықтырудың қажеті жоқ. Ата-ананың тұрақты көмегінсіз (қолтығынан демеу немесе үнемі қолынан ұстап жүру) бала сәл баяу үйренеді, бірақ бұл әлдеқайда сапалырақ болады. Өз бетінше үйрену – бұл дененің әртүрлі бөліктерін үйлестіру, барлық бұлшықеттерді дамыту, қашықтықты дұрыс бағалау және реакцияны дамыту.
Сүйеніш
Жүріс арбасы – кеңінен танылған нәрсе, бірақ даулы нәрсе. Қоғам әлі күнге дейін жүріс арбасын жиі қолданудың неге әкеп соғарын, олардың пайдасы мен зияны көп пе, жоқ па, сол жағын әлі шешкен жоқ. Бірақ бір нәрсе анық – бала ұзақ уақыт бойы жүріс арбасымен жүрмеуі керек. Жүріс арбасынан бала жүруді үйренбейді, бірақ баланың бұлшықеттері дұрыс пайдаланылмайды және арқасы ыңғайсыз күйде болады.
Адамзат мінсіз технологиялық шешім іздеуді жалғастыра алады, бірақ әлі күнге дейін баланың ең жақсы сүйеніші ата-анасының аяғы немесе созған қолы болып тұр.
Кеңістік
Бала есейген сайын үйіңізді жайлы етіп дамытуға дайындау керек. Еден сырғанақ болмауы керек, ал жиһаз мықтап бекітіліп тұруы керек. Баланың қолы оңай жететін және жарақат алуы мүмкін тұрақсыз заттардан, құмыралардан және басқа заттардан құтылған дұрыс.
Жалаң аяқ
Балаңыз жалаң аяқ жүруді қаншалықты көбірек үйренсе, соғұрлым жақсы болады. Бұл жап-жас жүргіншінің тегіс жерді жақсы сезінуіне және тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Кез келген аяқкиім киюге болмайды, өйткені бұл бұлшықеттердің дамуын және бүкіл дененің қозғалысын қиындатады. Ал шұлық тайғанамауы керек.