Балаларға арналған дамытушы ойыншықтарды өз қолыңызбен жасау Балаларға арналған дамытушы ойыншықтарды өз қолыңызбен жасау
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Балаларға арналған дамытушы ойыншықтарды өз қолыңызбен жасау

Дамытушы ойыншықтар бала үшін өте маңызды, әсіресе, бес жасқа дейінгі балаларда белгілі бір дағдыларды, логикалық ойлауды дамытуға, пішіндер, өлшемдер, түстер және басқалар туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұндай ойыншықтарды өзіңіз жасай аласыз: оларда сіздің сүйіспеншілігіңіз бен күш-жігеріңіз болады, демек олардың балаға пайдалы болатыны анық!

Мұндай жаста ұсақ моториканың дамуына ашылмалы-жабылмалы элементтері бар ойыншықтар, мысалы, дамытушы жастықтар әсер етеді. Мұндай элемент ретінде түйме, жабысқақ, кнопка, сақина, тоқыма және т.б. қолдануға болады.

Өзіңіз жасаған ойыншыққа балаңыздың назарын аударту үшін кішкентай қоңырау немесе сылдырмақ қосып қойсаңыз болады. Ойыншықтарды жұқа киізден, жастық немесе кітап түрінде жасай аласыз, онда жоғарыда аталған элементтер көп болуы керек. Мұндай ойыншық баланың назарын аудартады, ал оны тігу шеберлігінен алыс болсаңыз да іске асыруға болады. Кәдімгі ине мен жұқа киіз керек, оларды жақын мата дүкенінен арзан бағаға табуға болады.

Бір жарым-екі жаста өмірде қолданылатын ойыншықтарды пайдалануға болады. Үйіңізде бар нәрсені жасай аласыз: сахна жасап, әр кейіпкердің ойларын айтуды сұраңыз. Белгілі бір түстер мен пішіндерді атауды және көрсетуді, кез келген іс-әрекетті таңдауды қажет ететін ұсыныстар қолайлы.

Екі жастан бастап ермексаз, қағаз, полимерлі саз сияқты түрлі қолөнер бұйымдарымен белсенді түрде әртүрлі бұйымдар жасай аласыз. Әртүрлі жағдайларды модельдейтін карталар ауадай қажет болады.

Балаңызға мұқият көңіл бөлуді, қазір оған не ұнайтынын түсінуді және ол үшін үйден таба алатын заттарды қалай бейімдеуге болатындығы туралы ойлануды ұсынамыз. Ойыншық ретінде кез келген нәрсені қолдана аласыз: заттарды макарон ыдысына жасырып, оның не екенін жанасу арқылы табуды, ашу қажет болатын пластик контейнерлер, қауіпсіз кеңсе заттары және т. б. Балаларға жаңа ойыншықтардың қажеті жоқ, бірақ сіздің көңіл бөлгеніңіз қажет: қиялыңызды шыңдауға тырысыңыз, балаңыз оны міндетті түрде бағалайды!

EmptyView