Балаларға арналған жаттығулар кешені Балаларға арналған жаттығулар кешені
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Балаларға арналған жаттығулар кешені

Барлық жастағы балалар үшін дене шынықтырудың пайдасын асыра бағалау қиын. Белсенді өмір салты нәрестенің үйлесімді өсіп-жетілуіне және дамуына көмектеседі, ал сіз оған қарапайым жаттығуларды үйрету арқылы осы жағынан көмектесе аласыз.

Ширатуға арналған жаттығулар.

«Тар жолмен» жүру

Таспаның, бөкебайдың, бордың, таяқтардың көмегімен ені 30 см болатын жолды белгілеңіз. Баланың міндеті – тепе-теңдікті сақтай отырып, жолдан өз бетімен өту. Бала жолдан сенімді өтетін деңгейге жеткенде тапсырманы қиындатуға болады: жүгіруді, секіруді немесе жолды тарылтуды ұсыныңыз.

Бір бүйірімен жүру

Балаңызға жастықтардың немесе орындықтардың арасымен бір бүйірлеп өтуді ұсыныңыз. Осылайша екі бағытта да қосымша қадамдармен жүру шеберлігін жаттықтырасыз.

Әртүрлі қарқынмен жүру және жүгіру

Ассоциацияларды қолдана отырып («тышқан қалай жүгіреді», «піл қалай жүреді», «мысық қалай жүгіреді»), балаға түрлі тәсілдермен жүруді үйретіңіз

Кедергілерден аттап өту

Еденге әртүрлі заттарды қойып, балаға олардан аттап өтуді ұсыныңыз.

Жасырынбақ

Баланың ойыншығын онша биік емес жерге жасырыңыз, оны бала оңай байқау керек және ол жерге (диван, кресло және т.б.) бала өз бетінше көтерілу керек. Балаға үйме жасап, ойыншыққа жетуді ұсыныңыз.

Бүкіл денесінің бұлшықеттерін нығайтуға арналған жаттығу:

Арба

Бала екі қолын еденге қойып жатады. Ересек адам баланың аяғынан ұстап, еденнен балаға ыңғайлы болатын биіктікке көтереді. Бала қолдарын алға-артқа жылжытады.

Қол және иық буынына арналған жаттығу

Домалақ

Балаңызға ұзын ұшы бар жіп домалағын ұсыныңыз және оны қалай орауға болатындығын көрсетіңіз

Тікұшақ

Бала қолдарын төмен қаратып тік тұрады, аяқтарын алшақ қояды. Енді қолды тік көтеріп, алға-жоғары-артқа және керісінше сермеп, айнала жүгіріңіз.

Аяққа арналған жаттығулар:

Үлкен ау

Ересек адам еденге балықтарды қояды. Бала екі қолымен ересек адамның қолындағы шеңберден (біздің ауымыз) ұстайды. Неғұрлым көбірек балық ұстау үшін «үлкен ауды» төмен түсіріп, бірге отыру керек. Бір жағынан санауды да пысықтап алуға болады

Үлкен – кішкентай

Қарама-қарсы ойын. Бала ересек атайтын жануардың бойын көрсетеді. Мысалы, піл үлкен – бала қолдарын жоғары көтеріп тұрады, ал тышқан кішкентай бала жерге отырады. Балаға көмектесіңіз, бірге отырып-тұрыңыз.

EmptyView