Сіз жұмысқа шығып кеттіңіз бе?
Декреттік демалыстан шықсаңыз: үй мен жұмысты қалай үйлестіруге болады
Көптеген жұмыс істейтін аналар сияқты, декреттік демалыстың аяқталатынын және жұмысқа оралатын уақыт келгенде эмоциялар толқыны бойыңызды билеуі мүмкін. Кеңсеге қайта оралып, ересектермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі қызықтыруы мүмкін, сондай-ақ алдағы уақытта балаңызды тастап кету қорқыныш тудыруы мүмкін. Қалай болғанда да, жұмыс пен үй арасындағы алшақтық сынақ болады.
Бірақ жақсы жаңалықтар да бар: көптеген ата-аналар сізге дейін де мұндай кезеңнен сәтті өткен. Уақытыңызды жоспарлау тұрғысынан барлық дағдыңызды пайдаланып, елеулі табандылық танытуыңыз керек, сондай-ақ бүкіл процесс барысында дұрыс ойлау қажет.
Күнтізбе
Әрбір жұмыс істейтін ата-ананың келу және кету күнтізбесін жасау барлық мүмкін бейберекетті ұйымдастыруға және жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы тепе-теңдікті орнатуға көмектеседі. Бір аптаның ішінде не істеу керектігін біліп жүресіз, сонымен қатар қажет болса, балаңызға күтушіні табу тапсырмасын жеңілдете аласыз.
Тоңазытқышта ілінетін қарапайым жазбаша күнтізбе жасап қоюға болады, не болмаса күнтізбеңізді смартфонға онлайн режимде жасап қоюға болады, оны барлық отбасы мүшелеріңізбен бөлісіңіз.
Бала күтуші
Балаңызды жаңа адамға тапсыру – бұл қорқынышты шара, десе де кейде онысыз болмайды. Қарым-қатынас орнатуға болатын жақсы күтуші табыңыз. Ұсыныстар, сұхбаттар және кез келген ықтимал ақпарат дұрыс таңдау жасау үшін пайдалы болады. Баланың іс-әрекеті туралы әрдайым біліп, оның дамуын бақылау үшін бала күтушімен ортақ тіл табысқан өте маңызды.
Даму демекші, баланың күн сайын жасайтын істерінің тізімін жасасаңыз (дамыту ойындары, тамақтану, таза ауа және т.б.), бұл сіздің және күтушіңіздің өмірін айтарлықтай жеңілдетеді.
Бөлу және билік ету
Міндеттерді жұбайыңызбен бөліскен қашанда жақсы. Бірқатар мәселелер бойынша келісімге келе отырып, өмірдің кез келген жағдайында өз іс-әрекетіңізді үйлестіру оңайырақ болады. Мысалы, баланы күтпеген жерден дәрігерге апару керек болады, мұндай жағдайда баланы кім апаратынын және оған қанша уақыт кететінін алдын ала білсеңіз өте жақсы.
Резерв
Адами фактор деген болады, бала күтуші ауырып қалуы немесе күтпеген жерден жұмыстан бас тартуы мүмкін немесе сізді демалыс күні кенеттен жұмысқа шақыруы мүмкін, кез келген осындай жағдайда сізге көмектесуге дайын адам қажет (басқа бала күтуші, туыс немесе жақын дос).
Қайырлы таң
Қиындықтар үйден шыға салысымен басталады, сондықтан сізден ештеңе талап етілмейтін тыныш және қайырлы таңғы уақытты өзіңізге арнаңыз. Ертең киетін киіміңізді алдын ала таңдаңыз, балаға арналған барлық қажетті нәрселер салынған сөмкені дайындаңыз, келесі күнге таңғы ас және түскі ас пісіріңіз. Осылайша сіз артық стреске жол бермейсіз және таңғы уақытта толық демалуға арналған кеңістік қалыптастырасыз.
Өзіңізге қамқор болыңыз
Ең қиыны – өмірдің осындай қарқынды ырғағында өзіңізге көңіл бөлу. Бұл мүмкін емес болып көрінеді, бірақ күнтізбеңізге аптасына бір рет йога сабағына бару, жаңа шаш үлгісі мен шопингке бару немесе басқа да сүйікті іс-әрекет сияқты бір оқиғаны енгізіп қоюға тырысыңыз, бұл сіздің жақсы өмір сүруіңізге көмектесетін күш-қуат көзі.