Бала барлық нәрсені өз бетінше істегісі келетін уақыт келді Бала барлық нәрсені өз бетінше істегісі келетін уақыт келді
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Бала барлық нәрсені өз бетінше істегісі келетін уақыт келді

Шамамен екі жасында бала өзіне сенімді және ата-анасынан тәуелсіз бола бастайды, сондықтан бала сізден алыстап бара жатқандай көрінуі мүмкін. Шындығында, ол айналасындағы әлемге тәнті болады. Оның тынбай сөйлей бастағанын, сізге еліктейтінін байқай бастайсыз. Көбіне бала өзін ата-анасының орнына қойып көреді.

Енді бала бәрін өздігінен жасағысы келеді: тамақтану, сусын ішу, шешіну. Бұл жаңа дағдыларды қалыптастырудың тамаша уақыты, балаға бұл ұнайды! Кейде бұл тәртіпсіздікке әкеледі, бірақ қорқынышты емес. Баланың іс-әрекеттерін бақылай отырып, оның эксперимент жасауына рұқсат етіңіз. Әрбір сәттілік пен сәтсіздік оның дамуына ықпал етеді. Бұл кезеңде балалардың тәуелсіздігінің нәтижесі емес, оған талпыныстардың өзі маңызды.

Балалардың дербестігін дамыту кезеңдері:

  • Бала ата-анасының іс-әрекеттерін бақылайды;

  • Бала көмекші ретінде әрекет етеді;

  • Бала өздігінен әрекет етеді, бірақ ересек адамның көмегі қажет;

  • Бала өздігінен әрекет етеді, бірақ бақылау мен еске салуды қажет етеді;

  • Бала толығымен өз бетінше әрекет етеді.

Балаңыз сізбен немесе үлкен балалармен ғана емес, құрдастарымен де қарым-қатынастан ләззат алады. Оған ойыншықтарымен бөлісу қиын болуы мүмкін, бірақ біртіндеп оған бөлісуді үйрете аласыз. Ол ойыншықтарын бөлісуге 3-4 жасқа дейін дайын болады. Көптеген балалар итеру, тістеу, төбелесу сияқты кезеңдерден өтеді. Мұндай жағдайларда «ЖОҚ» деп нақты айтыңыз, бірақ жауап ретінде баланы ұрмаңыз немесе тістемеңіз.

Баланың өз бетінше дамуын қаламайтын ата-аналардың бойында, әдетте, қорқыныш болады. Олар бала бірдеңені дұрыс жасамай қала ма, ол әрекеті өздеріне ұнамай қала ма деп қауіптенеді, өз бетінше әрекет ететін бала тыңдамай кете ме деп қорқады, сондай-ақ анасын керек етпей қала ма дегеннен тым қатты қорқады. Егер балаға тәуелсіз болуға және оны еркін жеке тұлға ретінде қабылдауға көмектессеңіз, мұндай қорқыныштың орын алу ықтималдығы аз болады, бірақ оны бақылауға алудың барлық әрекеттері осындай қорқыныштарға әкеледі.

Балалардағы дербестікті дұрыс қалыптастыру үшін психологтар мынадай кеңес береді:

  • Балаға асықпай, өзіңіз жасап көрсетіңіз. Барлық қозғалыстар баяу болуы керек, ал бала сіздің жасағаныңызды жасап үлгеруі керек.

  • Шыдамдылық танытып, баланың бәрін соңына дейін аяқтауына мүмкіндік беріңіз.

  • Ненің жақсы, ненің жаман екенін түсінікті етіп түсіндіріп, жақсы мен жаманның шекарасын белгілеңіз.

  • Баланың қателіктерін айыптамаңыз, одан да әрекет ету түрлерін айтып беріңіз.

  • Ең алдымен баланы өз-өзіне қызмет етуге үйретіңіз (тіс тазалау, жуыну, дәретханаға бару және т. б.).

  • Өз бетінше ойнауды үйретіңіз

  • Мүмкіндігінше көбірек таңдау еркіндігін қамтамасыз етіңіз және өзінің істерін жоспарлауды үйретіңіз.

  • Балаға шамадан тыс қамқорлық танытуға болмайды.

  • Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды үйрету.

  • Рөлдік ойындар арқылы өмірлік жағдайларда шешім қабылдауға үйрету.

  • Баланы үй жұмысына тартыңыз және марапаттаңыз.

  • Баланы жауапкершілікті дұрыс білдіруге үйретіңіз.

  • Сенімділік сезімін қалыптастыруға әсер ету.

  • Жанжалдарды шешуге үйрету.

  • Балаға әсер ету әдісі ретінде қысым жасамаңыз.

  • Баламен тең құқылы тұлға ретінде қарым-қатынас жасаңыз, оның эмоциясын ескеріңіз және оның пікіріне.

қызығушылық танытыңыз.

Баланың мүмкіндіктеріне сеніңіз!

EmptyView