Көңіл-күйіңіз жоқ па? Неге өзіңізді еркелетпеске?
Көңіл-күйіңіз жоқ па? Неге өзіңізді еркелетпеске?
Көптеген жағдайларда жүктілік пен эмоционалдылық қатар жүреді, әсіресе, тұңғышыңызға жүкті болған кезде. Статистикалық көрсеткіштер әртүрлі болса да, тақырып назар аударуды қажет етеді деп сеніммен айтуға болады, болашақ аналардың 23%-ы жүктілік кезінде депрессия жағдайына тап болады екен.
Бұл қалай орын алады?
Жүктілік кезінде депрессияның пайда болуы туралы ең жылдам және қарапайым жауап – бұл қандағы эстроген гормоны деңгейінің жоғарылауы, бұл эмоционалдылықтың жоғарылауына, сонымен бірге кез келген оқиғаға жауап қайтаруға әсер етеді.
Үшінші триместрде көңіл-күйдің төмен болуы босану алдындағы үрейге, әлеуметтік қысымға, кәсіби жағдайдың өзгеруіне және жауапкершіліктің артуына баланысты болуы мүмкін.
Жабырқау, жылау, өзіңізді кінәлі сезіну, ұйқының бұзылуы – бұл жағдай қандағы кортизол деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін, оның салдары жағымсыз болады.
Онымен қалай күресу керек?
Егер жоғарыда көрсетілген белгілерді байқай бастасаңыз, сүйікті ісіңізбен айналысатын, яғни дүкен аралайтын немесе жақын құрбыңызға қоңырау шалатын уақыт келді. Қалыпты физикалық белсенділік те құпталады, сондықтан жүкті әйелдерге арналған фитнес сабақтарына бару – керемет идея болып табылады. Таза ауа мен серуендеу міндетті түрде ұсынылады.
Кез келген жағдайда болашақ ананың эмоционалды жағдайына қарамастан, психотерапевтке үнемі барып тұрған жөн. Тәжірибелі психолог тез бейтараптандыру үшін қолданыстағы және болашақ қақтығыстардың пайда болу нүктелерін болжай алады.
Болашақ әкелердің тарапынан қолдаудың болғаны да маңызды, өйткені ер адамдар көбіне жүктілікке табиғи процесс ретінде қарайды.
Қорытынды
Ең басты нәрсені ұмытпаңыз, ананың көңіл-күйі балаға беріледі, сондықтан кез келген жағдайда позитивті ойлау керек, ал қазір сіз адамзат тарихындағы ең маңызды іспен айналысып жатқаныңызды түсіну өзіңізге деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Және қашанда өзіңізге ұнайтын өмір салтын ұстануды ұмытпаңыз.