Күйеуіңізді босануға қалай дайындауға болады? Күйеуіңізді босануға қалай дайындауға болады?
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Күйеуіңізді босануға қалай дайындауға болады?

Қазіргі уақытта босануға бірге кіру кеңінен таралып келеді, десе де осыған дейін бұл жат әрі түсініксіз нәрсе болып келді.

Сіздің жұбыңызға осындай босану қажет пе және бұл кезде күйеуіңіз не істеу керек?

Босануға бірге кіру — бұл босанатын әйел мен медицина қызметкерлерінен басқа көмекші, көбінесе күйеуі болатын босану кезеңі. Бірақ әйелдің қалауы бойынша ол басқа адам болуы мүмкін, мысалы, анасы, әпкесі, құрбысы, тіпті, әжесі.

Босануға бірге кіретін көмекшінің міндеті – толғатып жатқан әйелге жан-жақты көмектесу: массаж жасау, тыныштандыру, қолын ұстау, дұрыс дем алуды есіне түсіру. Күйеуінің қасында болуы әйелге сабырлылық беріп, сенімділігін арттыруы керек, өйткені бұл күрделі физиологиялық және психологиялық сәт. Жақын адамның қатысуымен босанған оңай болатынын көптеген зерттеулер дәлелдеген.

Күйеуі қалай дайындалуы керек?

Кез келген ер адам оны көтере алмайды. Ерлі-зайыптылар курстарға бірге барғандары жөн, онда босану кезеңдері мен қажетті әрекеттер туралы айтылады. Қосымша әдебиеттерді, мақалаларды оқып, осы тақырыптағы роликтерді көрген артық болмайды.

Маңызды нәрсе: егер күйеуіңіз босануға қатысудан үзілді-кесілді бас тартса, мәжбүрлемеңіз. Бұл оның сізге деген сүйіспеншілігінің жоқтығына байланысты емес екенін түсінген маңызды. Өйткені, ер адам мұндай стресс жағдайына дайын болмауы мүмкін, ол сіздің қолыңызды ұстап тұрудан басқа ештеңе істей алмайды.

Сондықтан күйеуіңізді жазғырмаңыз, оны дұрыс түсініңіз, босануға бірге кіруді анаңызға немесе жақын құрбыңызға ұсынып көріңіз.

Бірге кіретін адам (күйеуі, анасы, әпкесі, құрбысы және т.б.) флюорографиядан өтіп, талдау тапсыруы керек, қандай талдау екенін дәрігерден сұрау керек. Көбінесе олар стафилококктарға себуді және қан талдауын талап етеді, күйеуіңіз босанудың соңына дейін жүре ме, әлде тек бірінші кезеңде бола ма, соны бірден шешіп алған жөн. Ер адам соңғы кезеңнен қорқатын болса, бұл өте жақсы нұсқа. Ал толғақ енді басталған кезде ол қатысуға қарсы емес.

Босанудың алғашқы кезеңінде бірге кіретін адам толғатып жатқан әйелді тыныштандырып, бақылап, массаж жасауы керек. Бұл әйелге оның алаңдаушылығын жеңілдетуге көмектеседі.

Екінші кезең – баланың тікелей туылуы. Ол кезде күйеуіңіз жаныңызда тұрып, қолыңызды ұстап тұра ма, әлде қынаптық тексерулерге қатыса ма, соны алдын ала шешіп алыңыз. Дәрігерлер бірінші нұсқаны ұсынады, өйткені күйеуінің басты міндеті – әйелінің қасында болу.

Күйеуі жақсы қолдау көрсетсе, босанудың оңай болатыны дәлелденген. Ер адам өз рөлін түсінген кезде әйел өзіне сенімді болады. Қажет болса, әке баланың кіндігін де кесе алады. Бұл жанды толқытатын әрі маңызды сәт.

Үшінші кезеңде баланың жолдасы туылады, ер адам бұл кезде қажет емес, бұл кезде оның босанғаннан кейінгі палатада жаңа туған нәрестемен бірге болғаны жақсы. Осы уақыт ішінде дәрігер әйелдің босану жолдарын тексеріп қарап, жолдасын алып, оның денсаулығын бағалайды.

Барлық кезеңде бірге кіретін адам медициналық қызметкерлерге кедергі келтірмеуі керек екенін атап өткен жөн.

Құрметті аналар, босануға бірге кіру туралы шешімді екеуіңіз бірге қабылдайтындарыңызды естен шығармаңыздар. Бұл күйеуіңіз үшін ұмытылмас процесс, бірақ мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Екі адамның өзара және ерікті келісімімен бәрі жақсы және табиғи түрде өтеді.

EmptyView