Жүктіліктің соңғы апталарында жиі кездесетін қорқыныш туралы Жүктіліктің соңғы апталарында жиі кездесетін қорқыныш туралы
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктіліктің соңғы апталарында жиі кездесетін қорқыныш туралы

Жүктіліктің соңғы апталарында көптеген әйелдер алаңдай бастайды. Ең алдымен, сіздерді тыныштандырғымыз келеді: бұл қалыпты жағдай, адамның өз ұрпағын уайымдауы, оған қамқорлық жасауы генетикалық ерекшелік арқылы түсіндіріледі.

Бұл қорқыныш – түпсананың пайда болуы, жүктілік кезінде гормоналды қайта құрудан туындаған психикалық тұрақсыздық жағдайында олар алдын ала болжанбайтын түрде көрініс табады. Сонымен, жүкті әйелдің алаңдаушылығының жалпы деңгейі жоғарылайды, ұйқысы бұзылуы мүмкін, тәбет тамақтанудан бас тартуға дейін жоғалады. Мұндай жағдайда қорқыныш ұғымы әйелді қоршап тұрған белгісіз алаңдатарлық оқиғалардың, оның ішінде ондағы өзгерістердің жиынтығына ұқсас болады.

Ең алдымен, қорқыныштың өміріңізге теріс әсер ететінін уақытында байқау керек. Мазасыздық көбінесе, қан қысымына, күтпеген қан кетулерге және тіпті, баланың шетінеуі сияқты ауыр жағдайларға негіз бола алады.

Ең алдымен, қорқыныш босанғанға дейін бойыңызды билеген жағымсыз эмоционалды жағдайымен қауіпті, ал нәрестені күту үшін анасы өзін салмақты, сенімді және қорғаныстамын деп сезінуі керек.

Қорқыныштың дамуына қалай жол бермеуге болады?

Ең алдымен, қорқыныштың қалыптасуына әрбір нақты әйелдің субъективті қабылдауы, сондай-ақ «басқа біреудің басынан өткенді» есіне түсіру тетігі әсер етеді, ерекше сезімге тап болған кезде ана достары, форумдар және басқа да әйелдердің айтқандарын еске түсіруге тырысады немесе Интернеттен ақпарат іздей бастайды.

Әсіресе, әсерлі әйелдер кез келген жағымсыз сценарийлер таба алады

Қорқыныштың себептерін түсінген де пайдалы.

  • Беймәлім және танылмаған нәрсе қорқыныш тудырады.

    Әйел босану және босанғаннан кейінгі кезең туралы ақпараттан бейхабар болса, оның үрейленуі заңды, өйткені бұл организмнің қорғаныс реакциясы болып табылады.

  • Кәдімгі және күнделікті өзгеріс. Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін әйелдің өмірі өзгереді, жұмысы үйге ауысады, кез келген іс-әрекеті мен хоббиінің орнына балаға қамқорлық жасайды, бұл оның барлық бос уақытын алады. Кәдімгі өмір салтының өзгеруі де болашақ ананың үрейін тудырады.

  • Қатты шаршау, физикалық әлсіреу. Жүктілік – бұл барлық ресурстарын пайдаланатын организм үшін ауыр жұмыс.

  • Жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Үнемі қатты шаршап, әлсіреп жүргендіктен, міндеттер мен істердің көптеп жүктелуіне байланысты алаңдау сезімі пайда болады. Ана өзінің жаңа рөлін алып кете аламын ба, кішкентай бүлдіршінінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарай аламын ба деп қорқақтайды.

  • Басқалардың теріс тәжірибесі. Сонымен қатар қорқыныш жүкті әйелдің күнделікті өмірде аналар, әжелер, құрбылардың ана атану ауыр әрі қиын жұмыс екенін әңгімелеген, олардың басынан өткен әңгімелері негізінде қалыптасады.

Жүктілік кезінде әйелдерде қандай қорқыныш болады?

  • Өлімнен қорқу. Бала көтеру және босанудағы қиындық пен жауапкершілікті сезінген әйелді босанған кезде денсаулығым мен өмірлік күшім жетпей қала ма деген ойлар мазалайды. Осыған байланысты өлім қорқынышы пайда болады. Бұл үрей адам өмірінің барлық кезеңінде бірге жүреді және өмірді сақтаудың кепілі, яғни өлімнен қорқу – табиғи нәрсе. Бірақ организмнің ресурстарын іске қосатын және ми мен орталық жүйке жүйесіне, сондай-ақ жеке тұлғаның психикасына әсер ететін гормондар коктейлімен араласып, эмоционалды тұрақсыз әйел жеңе алмайтын «ядролық жарылыс» пайда болады.

  • Жақын адамдар үшін қорқыныш. Бала адамдардың әдеттегі өміріне түзетулер енгізеді, сондықтан жүкті әйелдер көбінесе, баланың пайда болуы жақын адамдарға теріс әсер етуі мүмкін деп қорқады, өйткені олармен бұрынғыдай сөйлесіп, көрісе алмай қалады.

  • Ана атанудан қорқу. Бұрын емшек еметін баласы болмаған жаңа туған әйелді жаңа рөл қашанда алаңдатқан, мұндай әйелдердің абыржуы, мазасыз күйге түсуі заңды нәрсе.

  • Болашақ үшін қорқыныш. Баланың дүниеге келуі – бұл өмірдегі жаңа кезең, ол өзгерістерге әкеледі, жоспарланған нәрсе орындалмауы немесе ойдағыдай орындалмауы мүмкін.

  • Баланың денсаулығы мен дұрыс өсіп-жетілуі үшін қорқу. Бұл бала жатырдан тыс жерге біту немесе жүктілік кезінде баланың шетінеп кетуі, баланың дамуында патология бар, өлі туылу немесе баланы босанған кезде жарақаттап алу деген қорқыныштар. Баланың денсаулығы және баланың амандығы – жүктілік кезінде алаңдататын маңызды нәрсе, өйткені бұл әрдайым сізге байланысты бола бермейді.

  • Ауырсынудан қорқу. Жүктілік кезінде әйел мазалайтын ең күшті және үлкен қорқыныш осы. Жүкті әйел бала босанған таныстарының әңгімелерінен немесе өзінің көрген-білгеніне сүйеніп, қорқа бастайды.

  • Босанудан қорқу. Көбінесе, босанатын уақыты жеткен кезде қатты байқалады және осы үрей әйелдің бойын билеп алады. Оның алдын алу немесе басу үшін болашақ аналар босану кезінде өзін-өзі ұстау, ауырсынуды басу және жаңа туған нәрестелермен қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрететін арнайы курстарға қатысады.

  • Босану кезіндегі медициналық мамандардың кәсіби қабілетсіздігінен қорқу бұрын босанған әйелдердің теріс тәжірибесіне «эмоционалды тұрғыдан қатып қалған» әсерге негізделген және дәрігерлерге күдік, сенімсіздік тудырады, денеге түсетін жүктемені арттырады.

  • Жүктілік пен босануға байланысты орын алатын өзінің көріксіздігінен қорқу. Әйел толып кетемін, терім созылып немесе болбырап қалады, төсім өзгереді және т.б. деп қорқады. Мұндай қорқыныш басқа адамдардың теріс тәжірибесі және интернеттегі алып-қашпа әңгімелері нәтижесінде туындайды. Оған жұбайы мен туыстарының қолдауы, сондай-ақ босанғаннан кейін организмді және сымбаттылықты қалпына келтіру жолдары туралы алған білім көмектеседі.

Осы қорқыныштардың бәрін құрылымдық және патологиялық деп бөлуге болады. Құрылымды қорқынышқа өзін-өзі аман сақтап қалу түйсігі негіз болады, олар болашақ ананың сақ жүруіне және орын алған жағдайда уақытында әрекет етуге көмектеседі.

Патологиялық немесе деструктивті мазасыздыққа фобиялар негіз болады, бұл тұлғаның психикалық бұзылысына және депрессияға әкеп соғады. Мазасыздықтың бұзылу белгілеріне келесілер тән: дірілге әкеп соғатын ашушаңдық, ыңғайсыздық, жүректің тез соғуы, ауа жетіспеуі, шамадан тыс терлеу, әлсіздік, талмаурау, бас айналуы.

Шамадан тыс алаңдаушылық пен қорқынышқа бейім әйелге не істеуге болады?

  • Жүктілікті жоспарлаңыз, жүкті болғанға дейін медициналық тексеруден өтіңіз және салауатты өмір салтын ұстаныңыз

  • Өзіңіз толық сенетін және дәрігердің кеңсесіне барған кезде ғана сұрақтарыңызды қоятын акушер-гинеколог табыңыз. Аналарға арналған форумдар мен парақшаларға мүше болмаңыз.

  • Жүктілік жоспарына сәйкес, барлық ультрадыбыстық зерттеулерді уақытында өткізіңіз.

  • Психологтың қабылдауына жазылыңыз және маманмен бірге өз қорқыныштарыңызды пысықтаңыз.

  • Өзіңіздің теріс ойларыңызды басқарыңыз, теріс ойлармен басыңызды қатырмаңыз

  • Өзіңізді қуаныш әкелетін әрекетке бағыттаңыз

  • Көбірек қозғалып, таза ауада көбірек жүріңіз.

  • Үйде жайлы жағдай жасаңыз, оның ішінде жақындарыңызбен жылы қарым-қатынаста болыңыз

  • Қарныңызды жиі-жиі сипап, бүлдіршінмен сөйлесіңіз, күйеуіңізді де осы іс-әрекеттерді орындауға шақырыңыз.

  • Босануға дайындық курстарына қатысыңыз, осылайша сіз тікелей сенімді ақпарат аласыз.

Ана болуға дұрыс назар аудара отырып, сіз қажетсіз қорқыныштан аулақ болуға және өзіңізді еркін әрі жайлы сезінуге, сондай-ақ осы қызықты кезеңнің соңғы апталарынан ләззат алуға көмектесесіз.

EmptyView