Жүктілік кезінде қалай тамақтану керек. Диета: қолдаймын және қарсымын Жүктілік кезінде қалай тамақтану керек. Диета: қолдаймын және қарсымын
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүктілік кезінде қалай тамақтану керек. Диета: қолдаймын және қарсымын

Әдетте, жүктілік кезіндегі тамақтану туралы сан түрлі мақалалардан апта бойынша кестелерді таба аласыз. Бірақ көптеген (көбінесе бір-біріне қайшы келетін) нұсқауларды орындау үшін өзіңізді зорлаудың қажеті жоқ. Тіпті, барлық күш-жігерге қарамастан, жүкті әйелдердің 80%-ы артық салмақ жинайтынын немесе темір, магний және кальций жетіспеушілігіне тап болатынын дәрігерлердің өздері де мойындайды. Жүктілік кезінде диетаны жоспарлай отырып, «қажет» пен «қалай-мынның» арасында пайдалы ымыраға келуге тырысыңыз, оның бұл мүмкін екенін тәжірибе толықтай көрсетіп отыр.

Организмге күніне 150 г ақуыз қажет: майсыз балықтың бір тілімі, бір уыс жаңғақ, 50-70 г ірімшік, 150 г сүзбе, азғантай қарақұмық, саңырауқұлақ, бұзаудың немесе тауықтың орташа бір тілімі – таңдау көп, өзіңізге расында да, ұнайтын нәрсені жеңіз. Жүкті әйелдің раци-онындағы май күніне 80-100 г болуы керек: сізге сарымайдың азғантай бөлігі немесе 2-3 ас қасық өсімдік майы жеткілікті, ал қалғанының бәрін күрделі тағамдардан жинақтауға болады. Көмірсу-ларға деген қажеттілік күніне 400 г дейін артады, бірақ артық сал-мағыңыз болса немесе артық салмақ жинауға бейім болсаңыз, крах-мал есебінен олардың қажетті мөлшерін алмауға тырысыңыз (мыса-лы, ірілей үгілген қара бидай нанында бар). Күніне 100 г нан – бұл қажетті мөлшердің 70 пайызы. Қалған 30 пайызын жемістерден «алуға» болады. Сұйықтық туралы ұмытпаңыз! Болашақ ананың ор-ганизмі тәулігіне кемінде 1,5 литр суды қажет етеді. Жаңа сығылған шырындар, шөп шайлар және кәдімгі ауызсу ішу керек, бірақ қалта-шадағы сусындар мен түрлі тәтті газдалған сусындарды ескерудің қажеті жоқ, олар жүктілік кезінде ананы тамақтандыру үшін қажет емес екені анық.

EmptyView