Сәбиді дамыту мен тыныштандыруға арналған музыка
Кез келген жастағы музыка
Музыка барлық жерде. Біз туған сәттен бастап музыканы – жоғары және төменгі үндерді, қатты және нәзік дыбыстарды, тұрақты биттер мен өзгермелі ырғақтарды естиміз.
Кез келген жастағы музыка
Бала құрсақта жатқан кезден-ақ дыбыстарды танып, оларға жауап қайтара алатынын білеміз. Сәбилердің барлығына аса таныс дыбыс – ата-анасының дауысы, ол балаға жұбақтыш құрал ретінде әсер етеді. Балалық шақта музыка тыңдау баланың дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Неден бастау керек?
Бір нәрсені бастау ешқашан да кеш емес, бірақ бұл 3 айлық балаңызды музыка сабағына жаздыру дегенді білдірмейді. Музыка барлық жерде – бұл жай ғана күнделікті жағдайларда оны ойнатып, әсер алу мүмкіндіктерін саналы түрде сезіну мәселесі.
Ән айтыңыз, ән айтыңыз және тағы да ән айтыңыз! Бала туғаннан бастап (немесе тіпті одан да ерте) оған ән айтып жүріңіз. Оның көзіне қарап, ән айтқан кезде онымен бірге қозғалыңыз.
Балаңызбен бірге музыкалық «ойын» ойнаңыз. Баланың сұрақтарына әуендетіп жауап беріңіз. Сәбиіңіз үшін әннің бір бөлігін немесе үлкен балаңыз үшін әнді толық орындасаңыз болады. Балаңыздың айтқанын әнін мақтаңыз, күлімсіреп, онымен бірге шырқаңыз. Егер бала ағаш қасықты алып, онымен үстелді ұра бастаса, оны тоқтатпаңыз – мадақтаңыз. Оған қосылып кетіңіз! Осы гүрсілге қосылып ән айтыңыз. Бұл музыка.
Балаңызды музыкаға сәйкес – сіздің әніңіздің де, жазбадағы музыканың да ырғағымен қозғалуға үйретіңіз (ескерту: «фондық» музыка үнемі ойнатыла бермеуі тиіс – кішкентай балалар ақыр соңында оны «бұғаттап тастайды»). Балаға қосылып, оған өз қимылдарын ойлап табуға түрткі беріңіз.
Балаларды музыкалық аспаптармен таныстырыңыз. Тіпті сәбилер де қолдарына сылдырмақты немесе қоңырауды алып, солардың көмегімен өздері дыбыс шығара алады. Үлкенірек балалардың аспаптарда ойнағанда не істейтінін тыңдаңыз. Олар өздерінің аспаптық ойынын ән айтумен, әңгімемен және драмалық ойынмен біріктіріп жібереді.