Сәбидің дамуы мен ойындары
Баланы алдандырудың қызықты тәсілдері
Өмірінің алғашқы жылдарында балалар ойын арқылы өздерін, жақын адамдар мен қоршаған әлемді таниды.
Ойын қиял мен сезімдердің дамуына септігін тигізеді. Ойындардың пайдасы зор болғаны соншалықты, балаңыздың әр күні ойынға толы болуы тиіс. Ал анасы – оның алғашқы және ең маңызды серігі. Сіз сәбиіңіздің жасына сәйкес келетін ойыншықтар мен өз қиялыңызды пайдалана аласыз. Ата-анасымен бірге ойын ойнау сәбилердің әлемді зерттеуіне түрткі болады, зейінді арттырады, тілінің дамуына септігін тигізіп, өзіне деген сенімділік пен зияткерлікті дамытуға қажетті қоршаған ортаны бақылау сезімін қамтамасыз етеді. Баланың әрі қарайғы физикалық психикалық дамуы үшін маңызды негізгі дағдыларды алғаннан бөлек, ойындар ата-анамен қарым-қатынасты нығайту үшін өте маңызды.
Сәбиді ынталандыру әдістері
Саусақ ойындарының немесе массаждың көмегімен балаға өз қолын зерттеуге көмектесіңіз.
Сәби жерде жатқанда оның аунап түсіне көмектесіңіз.
Аяқтарын жүруге дайындаңыз – тұру, секіру ойындарын ойнаңыз.
Баланы заттарға қол созып, ойыншықты ұстауға үйретіңіз.
арым-қатынас үшін жаңа ишаралар енгізіңіз (баланы алуға бара жатқанда қолыңызды алға созыңыз, «бетіңізді қолмен жауып» тығылмаш ойнаңыздар).
Сәбиге дыбыс шығаратын ойыншықтарды (дауылпаздар, қоңыраулар, маракастар) беріңіз.
Дүкендегі ойыншықтармен шектеліп қалмаңыз – түрлі-түсті қағаз толтырылған қораптан немесе тамаққа арналған контейнерден қызық ештеңе жоқ!
Баланың көңіл-күйіне назар аударыңыз: егер ол риза әрі мәз болса – белсендірек ойындар ойнаңыз, егер ол шаршаса немесе мазасыз болса – оны әлдилеңіз.
Ойындарға қажетті негізгі материалдар
Сылдырмақтар, бір түсті және түрлі-түсті ойыншықтар, қоңыраулар, текстурасы әртүрлі заттар, музыкалық ойыншықтар, тіс жаруға арналған ойыншықтар, кітаптар, фотосуреттер, айна (2,5 айда ішіне аунап түсуге ынталандыру үшін жақсы), кілемшелер, бас қатырғыштар.
6 айдан бастап ағаш блоктарды, жеңіл түрлі-түсті шарларды, балаларға арналған хауыздарды, ойыншық телефондарды, жүріс арбаларын, жыпылықтап және жарқырап тұратын ойыншықтарды пайдалануға болады.
Бір жастағы сәбимен немен айналысуға болады?
Балаңыздың неше түрлі ойыншықтардан алуан түрлі таңдауы болуы тиіс.
Ермексаз немесе ағаш блоктар сияқты көпфункциялы ойыншықтармен ойнатқан дұрыс (олардан бала бір нәрсе жасап, оларды телефон ретінде пайдалана алады, онымен еденді тарсылдатып ұрып ойнауға да болады).
Сәбилер еліктеу арқылы жақсы үйренеді, сондықтан сіз бір нәрсе жасағанда олар сізді бақылап отырсын.
Ойын кезінде «қосымша» материалдарды пайдаланып (картон қораптар, карточкалар, текшелер, пішіндер, ыдыстар) ойнатыңыздар.
Сәбидің өз бетімен әрекет жасауын ынталандырыңыз, сіздің көмегіңізсіз тамақ жеп үйренсін.
Саусақ ойындарының, құрылыс жасау, сурет салу, мүсіндеудің көмегімен қолдың ұсақ моторикасын дамытыңыз.
Балалардың әлеуметтенуіне жағдай жасаңыз – топтық ойындар ұйымдастырыңыз, балалар алаңдарына, саябақтарға барыңыздар.
Ән айтып, кітап оқыңыз (балаларға теледидарды тым ұзақ көруге немесе смартфонмен ойнауға рұқсат бермеңіз), суреттерді қараңыз, сәбиге объектілердің атауларын атауға көмектесіңіз.
Ойындарға қажетті негізгі материалдар
Қысқыш ойыншықтар, көлемдері әртүрлі шарлар, ірі бөлшектері мен тұтқалары бар қарапайым басқатырғыштар (олар баланың жасына сәйкес келуі тиіс), қораптар, қағаз бен сурет салуға арналған ірі түрлі-түсті қарындаштар, атқа мінгендей ойнауға, құм мен су ойындарына арналған ойыншықтар (кішкентай күректер мен тырмалар, шелектер, көлемі әртүрлі шыны-аяқтар), кіп-кішкене үтіктер, шәйнектер, көгал шапқыштар, қуыршақтар, автомобильдер, қарапайым музыкалық аспаптар, үйшіктер, төбешіктер, алтыбақандар, спорт бұрыштары.