Ұйқысыз түндерге қош айтыңыз! Ұйқысыз түндерге қош айтыңыз!
Бір жылдан үшке дейін - huggies.kz - icon 01

Ұйқысыз түндерге қош айтыңыз!

Көптеген аналар бұл жаста баланың ұйқысы едәуір жақсаратынын байқайды: бұл жаста бала тамақ іздемей ұйықтайды.

Бала қанша уақыт ұйықтауы керек?

16-18 айлық балалардың бір тәуліктегі ұйықтау нормасы шамамен 13,5 сағатты құрайды. Ұйықтау уақыты келесідей бөлінеді: түнде 11-12 сағат, ал күндізгі ұйқы шамамен 1,5–2 сағат. Ұйықтар алдында барлық қажетті іс-әрекеттерді ескере отырып, бір жарым жастағы баланың оңтайлы сергек жүру уақыты – 5-6 сағат.

Маңызды:

Бұл уақытта «Жүйелер әлемінің» 75-аптасындағы дағдарыс басталады. Бұл балаға сізді жоғалтып алу қорқынышын еңсеруге көмектеседі. Енді ол анасының қай жерде екеніне қарамастан, сіздің жақын жерде екеніңізді түсіне бастайды. Бұл жаңалық балаға сенімділік береді және тыныштық сыйлайды, сонымен қатар сізден бөлек өз ойындарын ойнауға мүмкіндік береді.

18 айдан кейін ұйқы нашарлауы мүмкін, ол 2-4 аптаға созылуы мүмкін. Уайымдамаңыз, бұл дамудың келесі кезеңіне байланысты. Бұл уақытта сіз қыңырлық пен еркелікке тап болуыңыз мүмкін. Бұл қиын уақытта ұйқының жаңа «қате» әдеттерін енгізбеген өте маңызды (бөтелкемен ұйықтау, түнде көп тәтті ішу және т.б.). Шыдамды болыңыз, шамадан тыс эмоционалды жүктемеден аулақ болыңыз, күннің әдеттегі тәртібін сақтаңыз және баланың шамадан тыс шаршамай ұйықтағанына көз жеткізіңіз.

Күні бойы көңіл-күйінің жақсы болуына түнгі ұйқының 11-12 сағатқа созылуы кепіл бола алады. Ұйықтар алдында шаршау белгілеріне назар аударған бұрынғыша маңызды: егер балаңызды ертерек ұйықтатсаңыз ұйықтау процесі көп уақытты алады. Егер баланы тым кеш ұйықтатсаңыз, оның тынышталуы және ұйықтауы қиынға соғады. Сағат 19:00-21:00 аралығында ұйықтататын тамаша уақыт табуға тырысыңыз.

EmptyView