Қатты шаршау – қалыпты жағдай
Жүктемені азайту және күн тәртібін жолға қою – жағдайдан шығудың бірден-бір жолы. Болашақ ана алдағы 9 айда жұмыс, қоғамдық және отбасылық міндеттердің бір бөлігін бөлуі немесе оларды жасаудан мүлдем бас тартуы керек екенін түсінуі керек. Созылмалы шаршауға жол бермес үшін келесі шараларды қолданып көріңіз:
әр түні кем дегенде 8-9 сағаттан ұйықтаңыз;
-
ұйықтардан бір сағат бұрын теледидарды, компьютерді өшіріп, смартфонды алысырақ алып тастаңыз, одан да кітап, журнал оқыған немесе жақын адамдарыңызбен сөйлескен дұрыс;
күн сайын кем дегенде 20-30 минут серуендеңіз, ал ұйықтар ал-дында жатын бөлмені желдетіңіз;
күні бойы белгілі бір сағаттарда дұрыс тамақтануды ұмыт-паңыз;
аш ұйықтамаңыз: күркетауық етінен дайындалған сэндвич, бір стақан йогурт немесе кез келген басқа да жеңіл тағаммен тамақта-ныңыз;
ұйықтауға ыңғайлы қалыпта жатыңыз;
аптасына бірнеше рет бұлшықеттеріңізді жеңіл қозғалтып қойыңыз.