Қыз баланы тәрбиелеу Қыз баланы тәрбиелеу
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Қыз баланы тәрбиелеу

Қыздар мен ұлдардың тәрбиесінде көптеген айырмашылық бар. Олар дамудың физикалық, эмоциялық және қоғамдық аспектілеріне қатысты, бұл ата-аналардан тәрбиелеудің балама стратегияларын қолдануды талап етеді. Нейробиологтар ұлдар мен қыздар арасындағы айырмашылық бүгінгінің ата-аналары ойлайтындай сондайлық «қатаң» емес деп санайды. Иә, туа біткен айырмашылықтар бар, бірақ біз осы айырмашылық біздің тәрбиеміздің салдарынан қалай артатынын білуіміз қажет.

Өмірінің алғашқы жылдары қыздар мен ұлдар арасында айырмашылық өте аз (олар әртүрлі киім киюі мүмкін). Сондықтан ата-аналар қыздарын кросс-гендерлік іс-әрекетке баулығаны пайдалы, бұл олардың бойында тарихи түрде ер азаматтар басым болған өмірдің әртүрлі салаларындағы теңдік сезімін дамытуы үшін қажет.

Қыздар, әдетте, ұлдарға қарағанда ертерек сөйлей бастайды. Оларды өз сезімдерін (мұңын, қуанышын, ренішін) білдіруге үйрету қажет. Осы сезімдер мен эмоцияларды байқасаңыз, көңіл бөліңіз. Қызыңыздың мұңайғанын көріп, оның көңілін аулауға тырысыңыз: «Білемін, сен мұңайып отырсың, себебі дәл қазір жүрек жалғай алмай отырсың, бірақ көп ұзамай кешкі ас ішетін боламыз. Маған тәрелкелерді әкелуге көмектескің келе ме?». Ата-аналар ұлдарға қарағанда көбінде қыздардың сезімдері мен эмоцияларын қолдайтыны қызық, алайда екеуін де бірдей мойындау маңызды.

Әдетте, қыздар ұлдарға қарағанда шығармашылықпен және құрылымдалған ойынмен ұзағырақ айналысады. Оларды сурет салу, мүсіндеу, мозаика жинау мен қолдың ұсақ моторикасын жақсы дамытатын басқа да іс-әрекет түрлеріне тарту оңай.

Тәрбие балаларымыздың жеке дарындарын дамытуға бағытталуы тиіс. Оларды бар болмысымен қабылдаңыз. Жеке тұлғаның қалыптасуында ойынның мәні аса зор.

EmptyView