Ұл баланы тәрбиелеу
Өмірінің алғашқы жылдары ұлдар, әдетте, аналарына өте жақын келеді және барлық қуанышымен де, қайғысымен де анасымен бөліседі.
Ұлдар өте ерке болуы мүмкін, оларды үнемі құшақтап, сүйіп, үнемі өздерін жақсы көретініңізді дәлелдеп отыруды талап етуі мүмкін. Бірақ ата-анасының шыдамын үнемі таусып отыратын тентек болулары да мүмкін. Міне, сондықтан да ұлдарға балалық шақтан бастап рұқсат шегін орнатуды үйреткен маңызды. Бұл оларға дамудың ауыспалы кезеңдерінде бақылау мен қолдауды сезінуге көмектеседі.
Ұлдар мен қыздардың ата-аналары тап болатын тәрбие проблемалары көбінде өзгеше болып келеді. Ұлдар, әдетте, баяу жетіледі – кәмелет жасқа толғанға дейін олар қыздардан бір-екі жас артта қалып қоюы мүмкін. Міне, сондықтан да ұлдар дамудың бақылау кезеңдеріне көбінде баяу жетеді. Ал физикалық тұрғыдан құрдас құрбыларына қарағанда анағұрлым жетілген болуы мүмкін, ата-аналарынан бөлек кеткен кезде ұлдар қыздарға қарағанда эмоциялық тұрғыдан қатты уайымдайды. Ұлдар өздерін адамдар арасында көбінесе жабырқаңқы, тым абыржулы сезінеді. Мұндай жағдайда, кешірім сұрап, жалғыз қалған жөн, сонда олар тез-ақ тынышталады.
Ата-аналар ұлдарының физикалық дамуына айтарлықтай көңіл бөлгені жөн. Бұл оларға қол мен көздің үйлесімін дамытуға, өзін анағұрлым сенімді, күшті сезінуге және ата-анасының қолдауын сезінуге көмектеседі.