Жүкті әйелдерге арналған пайдалы рецептілер Жүкті әйелдерге арналған пайдалы рецептілер
Жүктілік және босану - huggies.kz - icon 01

Жүкті әйелдерге арналған пайдалы рецептілер

  • Майсыз ет – тауық еті, күркетауық еті, бұзау еті.

  • Балық – пісірілген немесе буға пісірілген, духовкаға пісіруге болады. Тұздалмаған және ысталмаған болуы керек.

  • Тауықтың жұмыртқасы – омлет, жұмыртқа қосылған бу пісірмелері және пісірілген жұмыртқалар.

  • Өз аймағыңызда өсірілген жемістер мен көкөністер. Экзо-тиканың қажеті жоқ. Жүктілік кезінде аллергияның пайда болуы бет-әлпетіңізді құртып қана қоймайды, сондай-ақ балаға кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ қойбүлдірген және итбүлдірген сияқты жабайы жидектерді жеуге болмайды, олардың құрамында қышқыл көп, олар жүктілік кезінде тіске зиянды.

  • Кептірілген жемістер – компоттарда, таза түрінде немесе десерт түрінде.

  • Жармалар – күріш, қарақұмық, ақтаған арпа, арпа, жүгері. Таңғы жарма ботқасы ұрықтың дұрыс дамуына әсер ететін тамаша құрал.

  • Кебек қосылған және сырты қытырлақ нан. Майқоспа мен үгілмелі қамырды абайлап жеңіз. Олар артық салмақ қосуға әсер етеді.

  • Сүт өнімдері – балаңыз үшін кальций мен ақуыздың кере-мет қайнар көзі. Жүктілік кезінде сүт ішуді ұсынамыз, бұл қыжыл кезінде жақсы көмектеседі.

  • Балғын және кептірілген жеміс-жидектерден жасалған компоттар.

  • Үйде дайындалған кисельдер, қалташадағы болмай-ды.

  • Көк шай, бірақ күніне 3 кеседен артық емес

Жүктілік кезінде шөп жинақтары мен қайнатпаларын абайлап қабыл-даңыз. Олардың биологиялық белсенділігі жоғары және әр жүкті әйелге өздігінше әсер етеді.

Көкөністер қосылған тауық еті

Ингредиенттері:

  • Тауықтың жон еті

  • Зәйтүн майы

  • 1 ас қасық сорпа

  • 3 қызанақ

  • 2 баялды

  • 1 кәді

  • 1 дана басты пияз

  • Дәміне қарай тұз

Дайындау тәсілі:

  • Жон етті жуып, кесектерге бөліп тураңыз. Табаға құйылған зәйтүн майына аздап қуырыңыз, содан кейін бөлек алып қойыңыз.

2

  • Сол майға текшелеп туралған көкөністердің бәрін қуы-рыңыз, 5-7 минуттан аспау керек. Содан кейін ет салып, сорпа құйып, тұз қосыңыз. Дайын болғанша шамамен 30 минут бұқтырыңыз. Да-старқанға жаңа піскен көкөністерден дайындалған салатпен және көк шөппен бірге қойыңыз.

Пісірілген алма

Өте тез және пайдалы тағам. Көлемі кішкентай бірнеше алманы жуып, өзегін кесіп алып, пісіруге арналған ыдысқа салыңыз. Алмаға қант ұнтағын себіңіз, бірнеше қасық су құйыңыз да, духовкаға 15 ми-нутқа қойыңыз. Дайын алманы жеке өзін жеуге болады немесе ша-нышқымен езіп, сүзбемен араластыруға болады. Тәтті болу үшін бір тамшы бал қосыңыз.

Сәбіз сусыны

Ингредиенттері:

  • 1 сәбіз

  • Ақжелкеннің жарты байламы (жапырақтары)

  • 100 гр. Айран

Дайындау тәсілі:

Сәбізді текшелерге турап, блендерде ұнтақтаңыз, ақжелкен мен айран қосыңыз. Бәрін шайқаңыз. Дәміне қарай тұз қоса аласыз.

EmptyView