Сәбидің терісі Сәбидің терісі
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Сәбидің терісі

Тері күтімінің негіздері

Балаңыздың терісі қаншалықты нәзік әрі таза бола алатыны таңқаларлық. Сондықтан оның ерекше күтімді қажет ететіні таңдандырмайды. Сәбидің терісін күн мен желдің әсерімен оңай зақымдап алуға болады.

Экзема мен терінің құрғақтығынан қорғау

Сәбилердің (және ересектердің) көбі терінің құрғақтығы мен экземадан азап шегеді. Көп жағдайларда тамақтандыруға, шомылдыру мен тері күтіміне арналған өнімдерді таңдауға қатысты өзгерістер осы мәселені шешуге көмектесуі мүмкін:

  • Денені жууға арналған жұмсақ табиғи құрал, салқынырақ суда шомылу және ванна қабылдағаннан кейін күнделікті ылғалдандыру құрғақтықты азайтуға көмектеседі.

  • Құрамында кейбір пайдалы майлары бар табиғи органикалық диетаға ауысу да көмектеседі.

Күннен қорғау

Сәбидің нәзік терісін аяусыз күн сәулесінен қорғау бала күтімінің маңызды буыны болып табылады. Сәбимен серуендеуге шыққанда, бірнеше ережені есте сақтаңыз:

  • Көлеңкеде жүріңіз және баланың үстінде киімі барына және басында шеті кең қалпақ барына көз жеткізіңіз.

  • Киіммен жабылмаған дене бөліктеріне балаларға арналған күннен қорғайтын кремді жағыңыз.

  • Сағат 10:00 – 16:00 аралығында күннің астында жүрмеңіз.

EmptyView