Баланы жаялыққа орау туралы не білуіңіз керек Баланы жаялыққа орау туралы не білуіңіз керек
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Баланы жаялыққа орау туралы не білуіңіз керек

Көптеген әйелдер перзентханада-ақ баланы жаялыққа орауға қатысты қиындықтарға тап болып жатады. Нәрестеге жайлы болу үшін оны қалай орау керек деген мәселені қарастырып көрдік.

Бұған дейін «Нәрестені жаялыққа орау керек пе» деген мәселе мүлдем көтерілген емес. Перзентханадан шығарған кезде құндақталған баланың фотосуреттері бәрінің есінде шығар, ол заманда солай болатын. Әйелдер баланы жаялыққа қалай дұрыс орау керектігін ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп келген. Қазір балаларға қатысты көптеген нәрселерге деген көзқарас өзгерді, сондықтан ата-аналар бұл мәселені педиатрмен бірге шешеді.

Жаялыққа мазасыз сәбилерді орау керек, өйткені оларды шектеулі кеңістік тыныштандырады: бұл кеңістік сәбиге анасының ішінде болған кезеңді есіне түсіреді. Мазасыз балалар көбінесе, қолдарын ербеңдетіп, өздері содан шошынып оянады, сондықтан да күтім жасаудың бұл түрі оларға көмектесіп, ата-аналарын тыныштандырады.

Жаялыққа ораудың «жақсы» және «жаман» тұстары.

Артықшылықтары:

  • Құндақтау сәбидің ұйықтауын жеңілдетеді және оның ұйқысы тыныш болады, яғни бала ұзақ уақыт ұйықтайды. Екі жағдайды салыстырсақ, жөргекке оралған нәресте ұзақ ұйықтайды.

  • «Оралған» қалпында нәресте өзін қауіпсіз сезінеді, бала мұндай қалыпты анасының ішімен байланыстырады.

  • Көптеген ата-аналарға боди мен слипті шешіп-кигізгеннен гөрі, жаялықты ауыстыра салған оңай.

  • Жамбас буыны дисплазиясының алдын алуға негіз болатын «жалпағынан орау» әдісі бар. Бұл әдісті емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша ғана қолдануға болады.

Жаялыққа ораудың кемшіліктері:

  • «Мықтап құндақтау» әртүрлі патологиялар қалыптастырып, нәрестенің аяқ-қолдарының физикалық дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұл әдісті ұсынбайды және іс жүзінде қолданылмайды.

  • Нәресте денесінің қызып кету қаупі бар. Баланың не киетінін және жөргектің қалыңдығын алдын ала ойластырыңыз. «Құндақтаған» кездегі температура сыртқыға қарағанда жоғары.

  • Бала ояу жатқан кезде педиатрлар баланы мүлдем орауға болмайтынын айтады, бұл баланың физикалық дамуына әсер етуі мүмкін.

Құндақтау түрлері.

Баланы жаялыққа түрлі жолмен орауға болатынын біліп пе едіңіз?

Тығыздап орау.

Қазіргі заман ғылымы жаялық баланың денесін мықтап орап, ал аяқ-қолдары мен басын бекітіп тастайтын әдіс бала үшін физиологиялық емес деп пайымдайды. Бұлайша құндақтау тек психологиялық жайсыздыққа ғана емес, сонымен қатар дамудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Еркін орау.

Классикалық еркін орау – бұл нәрестенің аяқ-қолы ораулы болатын әдіс, нәресте ораудың ішінде қол-аяғын еркін қозғалта алады. Бұлайша орау үшін баланың қолдарын созудың қажеті жоқ, қолдарын көбінесе, кеудесіне жинап қояды.

Сондай-ақ аяқтарын «орап» қоятын классикалық құндақтау әдісі бар. Мұндай әдіс кезінде баланың белсенділігі мүлдем шектелмейді. Нәрестенің кеудесі мен қолдары ашық қалады.

Жалпағынан орау.

Жамбас буындарының дұрыс қалыптасуында қиындықтар болған жағдайда жалпағынан орау әдісі қолданылады. Назар аударыңыз, бұл тек дәрігердің нұсқауларына сәйкес қолданылады. Мұндай тәсілмен орау кезінде нәрестенің аяқтары «М» әрпі сияқты болады.

Баланы қалай орауға болады?

Дәрігерлер еркін орауды физиологиялық тұрғыдан дұрыс нұсқа ретінде ұсынады. Баланы бұлайша орау үшін сізге 1м х 1,2 м таза жаялық қажет.

Жаялықты арнайы үстелге қойып, жоғарғы жағын бүктеңіз. Содан кейін баланың бір қолын кеудесіне әкеліп, сол жағынан жөргектің бұрышын баланың арқасына ораңыз. Содан кейін төменгі жағын бүктеп, екінші жағынан тағы ораңыз.

Аяғын орау үшін қолын ораған қадамдардың бірін алып тастаңыз. Жаялықты сәл кішірейтіп, баланың қолтық деңгейінде ұстауды ұсынамыз.

Баланы қанша жасына дейін орау керек?

Баланы жаялыққа ораудың нақты жасы белгіленбеген, бірақ 4-5 айда баланың қолын орауды біртіндеп азайту керек, балаға көбірек еркіндік беріңіз.

Баланы құндақтамаса да, дені сау болып өсетінін ескеру керек, сондықтан түпкілікті шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Түйсігіңізді тыңдаңыз, кішкентайыңызды бақылаңыз, оған қалай ұйықтаған ыңғайлы екенін тек сіз анықтай аласыз.

EmptyView