Бала өмірінің 1-аптасы Бала өмірінің 1-аптасы
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Бала өмірінің 1-аптасы

Сәби өмірінің алғашқы аптасы: ана нені білуі қажет

Алақай! Босану процесі артта қалды! Huggies сізді осы орасан зор қуанышыңызбен құттықтайды! Тоғыз ай бойы дайындалған сәтіңіз ақыры аяқталды.

Ана болу қуанышымен бірге үлкен жауапкершілік келеді. Ал онымен бірге, әрине, «бір нәрсені дұрыс жасамау» немесе байқаусызда сәбиге зиян келтіріп алу қорқынышы да бар. Біз сіздің қандай сезімде екеніңізді жақсы түсінеміз. Ол табиғи нәрсе. Әрбір ананы толғандыратын бір-ақ сұрақ: «Баламда бәрі жақсы ма?». Сәбиіңізді өмірінің алғашқы сәттерінде тексеріп-бақылайтын неонатолог, уайымдайтын бір нәрсе болса, ата-анасына міндетті түрде айтады.

Нәрестенің басы босану жолдарына бейімделген созылыңқы пішінде болғаны, көзінің ісіңкі келуі, алғашқы маймен бүркелген терісінің қызаруы және жұдырығын қысып ұстауы қалыпты жағдай. Өмірінің алғашқы аптасының соңына қарай ол өзгеріп, жарнама роликтеріндегі балаларға ұқсап қалады.

Кеңестер

Жөргектерді немесе жаялықтарды суланғанына қарай ауыстырып тұрыңыз. Былғанған жерлерін жылы ылғалды сулықпен сүртіңіз. Әжелердің ұнататын «шілде суына жуындыруды» екінші аптаның соңына қарай ауыстыруға кеңес береміз, себебі шомылдырудың өзі сәби үшін қосымша күйзеліс тудыруы мүмкін. Ал алғашқы майы – теріні жұқпалардан және құрғап кетуден қорғайтын ең жақсы қорғаныш.

Кіндік қалдығын абайлаңыз. Әр баланың кіндігі әрқалай түседі. Бұған үш күннен екі аптаға дейін уақыт қажет болуы мүмкін. Оны күніне бір рет зарарсыздандырғыш құралмен тазалап тұруды ұмытпаңыз.

Егер кір көрмесеңіз, көзді сүртудің, мұрын мен құлақты тазалаудың қажеті жоқ. Бұл сәби үшін қажеті жоқ күйзеліс.

Үнемі баланың жанында болуға тырысыңыз. Ананың дене жылуы мен иісі – балаға осы күндері бере алатын ең маңызды дүниеңіз. Уызды, сосын емшек сүтін балаға жиірек беріңіз. Бұл сізге емізуді қалыптастыруға және баланың ішегіне пайдалы бактерияларды жіберуге көмектеседі.

Анаға не қажет?

Сіздің міндетіңіз – балаға сүйсініп, атқарған ісіңізді мақтан тұту. Демалыңыз, ванна қабылдаңыз және айналаңыздағылардан көмек сұраудан ұялмаңыз. Себебі ағзаңыз босану процесінен өтіп, енді қалпына келуі тиіс. Жатыр әлі де ауырсынып жиырылады, бүкіл денеңіз қайта құрылуда. Тұрмыстық шаруалар, сәби күтімі, ұйқысыз түндер онсыз да әлсіреген ағзаңызды одан сайын әлсіретуі мүмкін. Ал бұл босанудан кейінгі күйзеліске және емшек сүтінің тартылып кетуіне алып келеді.

Кеңестер

Босанғаннан кейін шамамен үшінші күні сүт келе бастайды. Осының салдарынан әйелдердің көбінің омырауы қатайып, ауыра бастайды, температура көтерілуі мүмкін. Байбалам салмаңыз! Бұл мастит емес және ақырзаман да емес. Балаға әр омырауды мүмкіндігінше ұзағырақ және жиі-жиі беріңіз. Егер сәби ұйықтап қалса, ыстық душ қабылдаңыз (ол сүт жолдарын кеңейтеді), артық сүтті ақырын сауып тастаңыз. Бірақ толық саумаңыз! Омыраудың сәл жеңілдеп, жұмсарғаны сезілсе, әдетте жеткілікті. Сәбиді түнде де емізіңіз. Әдетте бір күннен кейін бәрі қалпына келеді. Егер температура үш күннен астам уақыт болса, дәрігерге қаралу керек. Жатырдың ауырып жиырылуы аптаның соңына дейін қояды. Спортпен айналысып, үй шаруасын атқаруға асықпаңыз. Жас ана ұйқысын қандырып, жақсы көңіл-күйде болуы тиіс.

EmptyView