Сәбиге арналған слинг Сәбиге арналған слинг
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Сәбиге арналған слинг

Ананың жүрегінің жанында

Слинг (әсіресе нәрестелерге арналған) өте маңызды жақындық береді, бұндайда анасы өзін балаға байланып қалғандай және бостандықтан айырылғандай сезбейді. Ал сәби жалғызсырап қалмайды. Бала анасымен жақындықты еріккенінен қаламайды, бұл оның қауіпсіздік пен махаббатқа деген қажеттілігі.

Өкінішке орай, балалар жылау арқылы «анасының бір бөлігін» талап ететін жағдайда жиі болады.

Осындай аналар кейін педиатрлер мен неврологтарға барып, баланың қозғыштығына шағымданып, оны емдеуді сұрайды.

Балаға қандай үлгісін таңдаған дұрыс?

Ең кішкентайлар үшін слинг-шарф (ұзақ тағып жүру үшін) пен сақиналары бар слингті (үйде пайдалану үшін) таңдаған дұрыс. Егер сіз нәрестені слингпен жүріп емізуді жоспарласаңыз, онда сақиналары бар слингті таңдаған дұрыс. Себебі ол, біріншіден, оңай шешіледі, екіншіден, сәбиді көлденеңінен жатқызып қоюға болады, бұл алғашқы екі айда емізу үшін ыңғайлы.

Сәбидің салмағы 7 кг-ға жеткенде, оны слингпен алып жүру ауырлау болады. Бұл кезеңге (ол жүре бастағанға дейін) ұзын шарф жарайды, себебі ол салмақты дұрыс таратады. Егер сіз шарфқа сенбесеңіз, оны май-слингке ауыстыруға болады.

Осы кезеңде симметрия өте маңызды, себебі бала әлі нашар жинақталып үйренген және салмағы да ауырлау. Ұзақ тағып жүру анаға қиын болуы мүмкін. Бала отырып үйренген кезден бастап рюкзакты пайдалануға болады.

Бірақ тәжірибелі слинг-аналардың сөзіне құлақ түрсек, бала слингте отырғысы келмей, жерден бірден қолға алуды сұрайтын кездері рюкзак аса қажет болады.

Ораудың қажеті жоқ болғанда: рюкзактар жақсы

Слингтердің бір ыңғайсыз ерекшеліктері бар. Бала жүре бастағанда, бір серуендегенде үш жүз рет жерге түскісі келіп, сонша рет қайта қолға сұранады. Мұндайда слингті орап жүрмейсің... Сондықтан рюкзак туралы ойлайтын уақыт келеді. Егер тасуға арналған рюкзактарға қатысты олардың физиологиялық тұрғыдан және балаға пайдасы тұрғысынан пікірталастар болып жатса, эргорюкзактарға келгенде бәрі бірауыздан мақұлдап шыға келеді.

Эргорюкзак баланы физиологиялық тұрғысынан бекітеді, сондай-ақ баланың салмағын анасының денесіне дұрыс бөліп таратады. Арнайы капюшоны сәби ұйықтап жатқанда басын демеп тұрады. Яғни, анаға баланың басын ұстаудың қажеті жоқ. Әрине, рюкзак баланы жиі түсіріп, қайта отырғызуға болатындықтан да ыңғайлы.

Эргорюкзактармен салыстырғанда кенгуру-рюкзак физиологиялық тасу құралы болып табылмайды, себебі баланы табиғи позада орналастыруға мүмкіндік бермейді. Осындай рюкзактарда баланың аяғы төмен салбырап тұрады. Ал жамбас сүйегінің орналасу бұрышы дұрыс болмайды. Егер баланың дисплазиясы бар болса, салдары өте жаман болуы мүмкін.

Одан бөлек, аяқтарының осылай орналасуы + арқалығының қаттылығы баланың омыртқасының төменгі бөлігіне тым көп күш түсіреді. Ал арқасының бұлшықеттері осы ауырлықты өзіне қабылдау үшін жеткілікті дамымаған. Нәтижесінде позасы дұрыс болмай, омыртқаға күш түседі, бұл бірден де, кәдімгідей біраз уақыттан кейін де, кемел жаста проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Рюкзактардың осындай түрлері анаға да зиян. Себебі олардың бауы жіңішке болады, ол теріні қиып жіберуі мүмкін; бала мен ана арасында қалың мата бар; ауырлық ортасы ауып кетіп, ана артқа қарай көбірек қисаяды, бұдан арқада проблемалар пайда болады (бүкірейіп жүреді, сегізкөз ауырады); әдетте, мұндай рюкзактардың төменгі жағында бекітпесі болмайды, ал барлық күш арқаның жота тұсына түседі – бұл өте ауыр.

Тағы бір минусы – баланы рюкзактан шығармай емізу мүмкін емес.

Баланы тік отырғызу қалпын тек бала өздігінен отыра алған кезде, отыру бала үшін табиғи қалып болған кезде ғана пайдалануға болады.

Егер сәби ұйықтап қалса, онда оны отырған қалпында ұзақ тасып жүруге болмайды. Ол ұйықтағанда қозғала алмайды және дене қалпын ауыстыра алмайды. Тіпті арқасында «сүйеуі» бар 3–4 айлық ұйықтап жатқан баланы серуендегенде (2–3 сағат) отырғызып қойып алып жүруге болмайды.

Рюкзак негізінен бар салмақты анасының мықынына түсіреді. Егер сіздің «әйелдерге тән» қандай да бір проблемаларыңыз бар болса, онда оны қолданбаған жөн. Қасаға жүйесінің ажырап кетуі немесе қатты варикоз қарсы көрсетім бола алады. Мұндай жағдайда слинг-шарфты, сақиналары бар слингті немесе май-слингті таңдаған дұрыс – көп нәрсе ананың сұранысы мен денсаулық жағдайына байланысты.

Слинг-шарф салмақты арқаға барынша біркелкі түсіреді.

Май-слинг – бұл да симметриялық тасу құралы, бірақ салмақ түсіру жағынан алғанда шарфтан өзгеше, себебі негізгі салмақ иық тұсы мен арқаның жоғарғы жағына түседі.

Сақиналары бар слинг – ассиметриялы, бірақ өте мобильді. Ол тез киіліп, тез шешіледі. Сондай-ақ мықынға отырғызатын керемет қалпы бар, бұл балаға жан-жағындағысын көріп отыруға мүмкіндік береді.

Ана қайсысын таңдаса да, баланы арбамен тасып жүргенше, көтеріп жүрген жақсы. Ал баланы көтеріп жүрген әке сәби үшін жауапкершілікті сезіп, онымен байланыс орнатады.

EmptyView