Сәбиге арналған массаж Сәбиге арналған массаж
Жаңа туған нәресте - huggies.kz - icon 01

Сәбиге арналған массаж

Массаж ауыр күннен кейін көңіл сергітуге мүмкіндік береді, ата-ана мен баланың бірге қуанышпен уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.

Артықшылықтары

Массаж эндорфиндер мен окситоциндерді қоса, белгілі бір шаттық гормондарының шығарылуын ынталандырады.

Массаж кезінде өндірілетін эндорфиндер ағза үшін ауруды жеңілдететін табиғи құрал болып табылады.

Массаждың арқасында бала өз денесін жақсырақ таниды.

Кейбір балалар массаж кезінде қатайып алады, ал екіншілері бой жазып, кейде тіпті еркінсіп кетеді. Біз массажға тұтастай алып қарайтын болсақ, әдетте, бойын босаңсытқан балаға қоздырғыш әдістерін, ал қатайып алған балаға бойын босаңсытуға арналған тәсілдерді көбірек қолданамыз.

Массаж жүйке жүйесін дамытуға септігін тигізіп, ми мен дененің өзара әрекеттесуіне көмектеседі.

Инвазиялық шаралардан өткен, отбасынан ажырап қалған немесе ауыр жолмен туған балалар қол тигізген сәтте мазасыздануы мүмкін. Балаңыздың реакциясын мұқият қадағалап отырыңыз. Ептілікпен жасалған массаж қорқыныштан айықтырып, сенімді қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін.

Баланың аяқ-қолын созып тұратын ата-ананың көмегімен сәби бұны оп-оңай өзі жасап үйренеді. Бұл денедегі ауырлықтан арылудың тамаша әдісі.

Массаж иммундық жүйенің саулығын сақтап, денедегі лимфа мен қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді. Тыныш ұйықтауға септігін тигізуі мүмкін.

Бұған қоса ол балаға жанасудың қай түрінің «қауіпсіз» және жанасудың қай түрі мұндай емес екенін анықтауға көмектеседі.

Массаж – балаңызға оны жақсы көретініңізді және оған деген қамқорлығыңызды көрсетудің керемет тәсілі.

Дайындық

Жылы бөлмедегі еденнен орын табыңыз. Кілемше немесе көрпе төсеп, оның үстіне сүлгіні қойыңыз. Қажет болса, қасыңызда қосымша сүлгі немесе көрпе болсын, ол баланың үстін жабу үшін қажет болады.

Жайлы киім кигеніңізге, тырнақтарыңыздың өсіп кетпегеніне және қолыңызда зергерлік бұйымдардың жоқтығына көз жеткізіңіз, бұлар массаж кезінде баланың терісін тырнап алуы мүмкін.

Сізге және балаңызға ұнайтын тыныштандыратын музыканы қосыңыз.

Массаж алдында жылы ванна қабылдау релаксацияны еселеуі мүмкін. Түнгі ұйқы алдында жасалған массаж ерекше пайдалы.

Баланы массаж жасауға арналған беттің үстіне жатқызғанда аяғыңызды оның екі жағына қойыңыз. Бұл сәбиге өзін қауіпсіз сезінуге көмектеседі және сіздер бір-біріңіздің көзіңізге қарай аласыздар.

Сәбиіңізбен әңгімелесіңіз. Май құйылған құтыны немесе лосьонды қалай ашып, құралдың азғантай мөлшерін қалай алақаныңызға құйып, жылытқаныңызды көріп жатсын. Бұл араңыздағы сенімді нығайтып, массажды әдетке айналдыруға көмектеседі. Келесі жолы сәби жағымды емшараны күтетін болады.

Егер балаңыздың ерекше қажеттіліктері болса немесе денсаулығының жағдайы ерекше болса, массаж жасамай тұрып дәрігермен кеңесіңіз.

Аяқтар мен табандар

Аяғын бір қолыңызбен ұстап, екінші қолыңызбен санын қапсырып ұстаңыз. Тобыққа қарай сырғыта қимылдатыңыз. «Сауу» әсеріндей қолыңызды ауыстырып-ауыстырып қайталаңыз.

Аяғын құшақтап, үзіліс жасаңыз да, сәбидің көзіне қарап тұрып былай деңіз: «Мынау сенің табаның!».

Саусақтарыңызды біріктіріп, қолдарыңызды баланың сандарына қойып, табан буынына дейін айналдыра отырып қимылдатыңыз («жазу» әсері). Қайталаңыз.

Аяқтарын екі қолыңызбен құшақтап, үзіліс жасаңыз: «Мынау сенің аяғың!».

Іші

Саусақтарыңызды біріктіріп, іштің үстіне алдымен бір қолыңызбен, сосын екінші қолыңызбен сағат тілімен айналдыра отырып уқалаңыз. Қолыңыз қабырға астында тұрғанына және қуықты баспайтынына көз жеткізіңіз.

Саусақтарыңызды біріктіріп, кеуде ортасына қолыңызды қойып, жан-жағына қолтыққа дейін сипалаңыз.

Сәбидің тізесін ішіне қарай бүгіп, 10 секунд ұстап тұрыңыз, сосын аяғын баяу жазыңыз.

Қолыңызды ішіне қойып, үзіліс жасаңыз: «Мынау сенің ішің!». Егер бала іштің бұрап ауыруына немесе іштің қатуына бейім келсе, жөргекті әр ауыстырған сайын ішіне массаж жасап көріңіз.

Егер бала еміп жатқандай қимыл жасаса немесе жұдырығын аузына апарса, онда оған массаж ұнайды.

EmptyView