Жақын жерде орналасқан хауызға жазылыңыз, әсіресе жазда. Су денеңізді көтерген кездегі салмақсыздық сезімі сізге ұнайтын болады. Түріңіздің қандай екеніне алаңдамаңыз. Бұл ешкімді қызықтырмайды, ондай болса, сіз не үшін алаңдайсыз? Оның үстіне, жүзу – дене температурасын азайту мен сергіп қалудың керемет тәсілі.
Кітап оқыңыз, фильм көріңіз, достарыңызбен әңгімелесіңіз, хат жазыңыз. Бұрын жасауға уақытыңыз болмаған істі жасаудан рақат алыңыз! Егер балаларыңыз бар болса, бірге шұғылданатын іс тауып алыңыз. Олармен бірге нәрестеге арналған заттарды дайындаңыз және оларға «маңызды» тапсырмалар беріңіз. Алдыңғы балаларыңыздың әрқайсысына сәбидің атынан сыйлық ұйымдастыруды ойластырыңыз. Бұл ағалық/әпкелік жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Сіз ауруханаға кеткенде балаларға кім қамқор болатыны жайлы олармен сөйлесіңіз және олар сізді және нәрестені көру үшін ауруханаға бара алатынын айтыңыз. Хабардар балалар өздерін шешім қабылдауға қатысы бар адам ретінде сезінеді, сондықтан өзгерістерді оңай қабылдайды.
Дәрігерге қаралуды жіберіп алмаңыз. Көптеген әйелдер акушермен немесе дәрігермен өте адал, достық қарым-қатынас орнатады, ондай қарым-қатынасты тоқтатқың да келмейді.
Егер төсекте орын жетпесе, жұбайыңыздан сізге орнын босатып беруін сұраңыз. Ұйқысыздық әлі де кетпеді, ал түнде жиі дәретханаға баратыныңыз ер адамға бәрібір де дұрыс демалуға мүмкіндік бермейді. Егер төсекте жалғыз жатуға мүмкіндік туса, сізге барынша жайлы болу үшін жан-жағыңызға жастықтарды қойып жатыңыз. Ақ шу, мысалы, желдеткіштің немесе радионың фондық режимдегі дыбысы пайдалы болуы мүмкін. Ұйықтар алдында релаксация жасау үшін музыка тыңдап, бұлшықеттерді біртіндеп босаңсытуға арналған бірнеше жаттығу жасап көріңіз.